2024 жылдың басынан бері 103,1 мың азамат, оның ішінде 50,1 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 491,8 мың қазақстандық тіркелген, оның 130,4 мыңы – 2024 жылы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.