Қала әкімдігі әзірлеген Алматыда 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын 2024 жылғы 29 қарашада Мәслихат бекітті. Бағдарламаның негізгі ережелері кварталдық салу болып табылады. Бұл ретте, ескірген тұрғын үй иелеріне «бөлмеге бөлме» нормасы бойынша айырбастау, немесе нарықтық құны бойынша компенсация алу мүмкіндігі беріледі. Бүгінгі таңда қалада 1366 ескі үй бар. Реновация аясында олардың жартысын  2030 жылға дейін жаңарту көзделген. Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде айтты.   Реновация сейсмикалық қауіпсіздікті күшейте отырып, тұрғын үй қорын жаңартуға мүмкіндік береді.