ADAM компаниялар тобы 2024 жылы «SU BEREKE» брендімен айналмалы типтегі алғашқы отандық спринклер өндірісін іске қосты. Жоба суару мәселесін және қол жетімді техниканың жетіспеушілігін шешуге бағытталған: жаңбырлатқыштар суды егістіктерге біркелкі таратуға мүмкіндік береді, оның шығынын 30-40% - ға азайтады. 2024 жылы СТ-KZ сертификаты және ЕАЭО сәйкестік сертификаты алынды. 30 машина шығарылды, оның 7-і Шығыс Қазақстан облысының егістіктерінде жиналды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.