Жай ғана қан талдауы иммундық жүйеңіздің жағдайын 99% дәлдікпен анықтай алады. Бұл қазақстандық ғалымдар Игорь Пономарев пен Нұрлыбек Үдербаевтың еңбегінің жеміс. «Ұлттың иммундық портреті» жобасы аясында олар жасанды интеллектінің көмегімен жалпы қан талдауы бойынша адамның иммунитетін бағалайтын ImmuniGuide инновациялық платформасын әзірледі. Біз 12 сәуірде атап өтілетін Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында осы бірегей жобаның авторларымен кездестік.