Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып бөлшек салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендетті. Бүгінде оның нақты нәтижесі бар – салық төлеушілер саны 30 есе өсіп, төрт мыңнан асты. Ал, ағымдағы жылдың басынан бері арнаулы салық режимі бойынша бюджетке түскен салық сомасы – 5,6 млрд теңге. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.