2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Ұлттық тауарлар каталогын қолдану міндетті болады. Ұлттық каталог – бұл тауардың цифрлық паспорты, оның құжаттар жинағы мен толық профайлы. Мұндай цифрлық база тауардың шығарылған жерінен бастап соңғы сатылымға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бірыңғай тауар карточкаларын құру бизнес жұмысын жеңілдетіп, тауар ағындары бойынша мемлекеттік талдаудың сапасын арттырады және тұтынушылардың әр өнім туралы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.