2024 жылы республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал» және «Үшарал-Достық» жолдары толық жаңартылды. «Сарыөзек-Қорғас» бағытындағы жол биыл толық жөндеуден өтті. Нәтижесінде облыстағы республикалық маңызы бар жолдар 100% жөнделді. Облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға жетті. Бұл жайлы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.