2023-2025 жылдары Жетісуда 1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 13 498 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 6 689 пәтер берілді. Үш жыл ішінде жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңартудың деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрап, 276 нысан жаңартылды. Білім беру саласында 19 жаңа нысан салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарды. Облыста апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп жоқ. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді.
Жетісу облысында апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп жоқ
Тегтер:
сот төрелігі