Маңғыстау облысының өткен 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты, негізгі макрокөрсеткіштердің оң нәтижесіне қол жеткізілді. Өңір экономикасының негізгі бағыттары – өңдеу өнеркәсібі, туризм, логистика, балық шаруашылығы. Аталған салалардың дамуына ғылыми және зерттеу институттарын тарту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.