2015 жылы ЖЗҚ-дан ӨСК-ға бір жыл ішінде аударылған жинақтардың жалпы сомасы 25 миллиард теңгені құрады. Қазір бір жылда салымшылар БЖЗҚ-дан ӨСК-ға 50 миллиардқа жуық ақша аударады. Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте «Мемлекеттік аннуитеттік компания «ӨСК» АҚ атқарушы директоры Айдар Нұрғазинов осындай мәліметтерді жария етті. Оның айтуынша, зейнетақы аннуитеті бағдарламасы зейнетақының жинақтаушы бөлігінен табысты тұрақтандыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызды өнім болып табылады. Мұндай жүйе өз жинақтарын зейнетақы жасы келгенше ертерек алуға мүмкіндік береді.

«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға зейнетақы аннуитеті келісімшарттар бөлігіндегі түзетулерге сәйкес, Зейнетақы жинақтары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге немесе соңғы түзетулерде айқындалған өзге де мақсаттарға мерзімінен бұрын алынған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдар БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілігі шегінің сомасын қалдыруға міндетті емес. Егер адамда БЖЗҚ-да 12 млн теңге жинақталған болса, ол 7 млн теңгені ӨСК-ға аударып, қалған 5 млн теңгені заңда белгіленген мақсаттарға пайдалана алады, бұл ретте зейнетке ресми шығуды күтпестен өзіне 55 жастан бастап зейнетақы жинақтарының өмір бойғы ай сайынғы төлемдерін қамтамасыз етеді», - деді спикер.

Сонымен қатар заңға енгізілген өзгерістер шеңберінде өмірді сақтандыру нарығында кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетінің өнімі пайда болды. Ол зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан ӨСК-ға 45 жастан бастап аударуға төлемдерде көрінетін өзінің инвестициялық табысын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін ресімдеген кезде клиенттің ақшасы ӨСК балансында ғана болмайды, олар инвестицияланады және аннуитеттік төлемдер басталған кезде ай сайынғы төлемдердің сомасы инвестициялық табысты ескере отырып ұлғайтылады.