Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Астана, Шымкент және Қарағанды облыстарында әскерге шақырылғандар «цифрлық» медициналық комиссиядан өтуде 1 қараша 2024

Астана, Шымкент және Қарағанды облыстарында әскерге шақырылғандар «цифрлық» медициналық комиссиядан өтуде

Қорғаныс министрлігінде «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау» мемлекеттік қызмет реинжинирингі жүргізілуде. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери-техникалық мектепке және әскери-техникалық, басқа да мамандықтар бойынша даярлауға жіберу үшін кезекке қою жөніндегі қызметтерді енгізу жоспарлануда.

ҚР Самбо федерациясы Астанада Әлем чемпионатын өткізуге дайындықты бастады 1 қараша 2024

ҚР Самбо федерациясы Астанада Әлем чемпионатын өткізуге дайындықты бастады

ҚР Самбо федерациясы құрылғалы, отандық спортшылар көптеген маңызды шараларға қатысып, ел намысын халықаралық аренада қорғап жатыр. Бүгінде федерацияда 43 мыңға жуық спортшы бар. Самбо күресінен тұңғыш Әлем чемпионаты 1973 жылы Иран астанасы Тегеран қаласында өткен. Сол жылдан бері 46 рет еліміздің жалауы әлемдік ареналарда көтерілген. Қазақстандық спортшылар алдағы Әлем чемпионатында да есе жібермей, боз кілемде барын салып, алтын медальді қоржынға салады деген үміт бар. ҚР Самбо федерациясының Бас хатшысы Ерназар Бексұлтанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Алматыда қазақ тілі интеграцияланған автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын зауыт ашылды 31 қазан 2024

Алматыда қазақ тілі интеграцияланған автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын зауыт ашылды

Алматыда Kazakhstan Mobility Engineering автокөліктерге арналған қазақ тілі интеграцияланған мультимедиялық жүйелер шығаратын жаңа зауыт ашылды. Кәсіпорын Оңтүстік Кореялық Motrex Co Ltd серіктесінің технологиясы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Өңірлерде жаңа білім беру нысандары ашылды 28 қазан 2024

Өңірлерде жаңа білім беру нысандары ашылды

Қостанай, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында бірқатар білім беру нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Олжас Бектенов Астанадағы LRT құрылысы қарқынын тексерді 24 қазан 2024

Олжас Бектенов Астанадағы LRT құрылысы қарқынын тексерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін салу жөніндегі жобаның барысын тексерді.  Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі және мегаполистің көлік жүйесін одан әрі дамыту келешегі туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды 24 қазан 2024

Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында көрме болып өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ұйымдастырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында жаңа оңалту орталығы ашылды 22 қазан 2024

Ақтөбе облысында жаңа оңалту орталығы ашылды

Ақтөбеде ашылған мекеме жыл сайын 125 ерекше баланы ақысыз қабылдайды. Нысан заман талабына сай озық құрал-жабдықтармен қамтылған, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Қарағанды облысы егін жинауды аяқтады: 1 млн 350 мың тонна астық бастырылды 21 қазан 2024

Қарағанды облысы егін жинауды аяқтады: 1 млн 350 мың тонна астық бастырылды

Қарағанды облысында егін толығымен жиналды. Тұқымдарды толтыру жұмыстары аяқталып, олардың сапасы тексерілуде. Фермерлер күзгі топырақты өңдеу үшін тыңайтқыштар сатып алу туралы келісім-шарттар жасасуды жалғастыруда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды 21 қазан 2024

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты 2026 жылы Астанада өткізілуі мүмкін 21 қазан 2024

Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты 2026 жылы Астанада өткізілуі мүмкін

Еліміздің эстетикалық топтық гимнастика құрамасы Азия чемпионатына қарқынды дайындық жүргізіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясының вице-президенті Әйгерім Арпабаеваның пікірінше, жарысқа қатысқан 9 мемлекеттің ішінде жеңіске жету отандық спортшылар үшін үлкен жетістік болды.

Су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді 21 қазан 2024

Су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді

Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Биыл өңірдің диқандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы 84 мың гектар, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Ақмола облысында егін орағы науқаны аяқталды: 6,6 млн тонна құт қамбаға құйылды 18 қазан 2024

Ақмола облысында егін орағы науқаны аяқталды: 6,6 млн тонна құт қамбаға құйылды

Ақмола облысында дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинау науқаны аяқталып, жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда өңірде 4,7 млн гектар егіс алқабы жиналды. Гектар берекесі орташа 14 центнерден айналып, бастырылған астықтың жалпы көлемі 6,6 миллион тоннадан асты, деп хабарлайды өңір әкімдігі.