Өңір жаңалықтары
Құлсары қаласы: қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев атап өткендей, Құлсары қаласында газ беру үрдісі қалпына келтіріледі, осы мақсатта екі ауысымда жұмыс істейтін 4 бригада жұмылдырылды. Өтінімдер тәулік бойы қабылданады.
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының бірінші толқыны аяқталуда
Республикалық ақпараттық штабы СҚО мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайы туралы хабардар етті
Эвакуациялық пунктерде 71 бала стационарлық көмек, 87 бала амбулаториялық ем алады.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 66 медициналық пункт жұмыс жасауда, медициналық персонал мен психологтардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Су басқан өңірлерде бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қоры жеткілікті. Төтенше жағдай режимі жұмыс істейтін барлық өңірде 309 жүкті әйел бақылауда тұр, 253 босану қабылданды. Ең көп бала Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында дүниеге келген. Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.
Қызылорда облысы зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберіп жатыр
Жағдай бақылауда: ТЖД СҚО-дағы су тасқыны жағдайы туралы
СҚО-да су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда
Петропавлда сумен жабдықтау қалпына келтірілуде, жарық беруде іркілістер жоқ
Үкімет эвакуациялық орталықтарда орналасқан балалармен жұмыс істеу алгоритмін әзірледі
Су тасқыны басталғалы бері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы эвакуациялық пунктерге 3 мыңнан астам бала жеткізілді. Жалпы, 54 эвакуациялық пункт мектептерде, жатақханаларда және интернаттарда орналасқан. Балаларға толыққанды тамақтану және оқу үшін барлық қажетті жағдай жасалды, қажет болған жағдайда киіммен, аяқ киіммен, канцеляриямен және техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева ОКҚ алаңында баяндады.
Абай облысының аумағында су тасқыны жағдайы тұрақталды
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 850 адам алдын ала эвакуацияланды
Су тасқыны басталғалы бері 103 500 адам, оның ішінде 37 703 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 6 810 адам, оның ішінде 3 075 бала орналасты. 10 163 адам үйлеріне оралды. 9,2 млн астам текше метр еріген қар суы тартып шығарылды, 1,8 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ брифингінде мәлім етті.