Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
«Ауыл партиясының» жастар қанаты Ақтөбе өңіріне гуманитарлық көмек жеткізді 11 сәуір 2024

«Ауыл партиясының» жастар қанаты Ақтөбе өңіріне гуманитарлық көмек жеткізді

Қостанай облысының су айдындарындағы су деңгейі орта есеппен 60 см-ге төмендеді 11 сәуір 2024

Қостанай облысының су айдындарындағы су деңгейі орта есеппен 60 см-ге төмендеді

СҚО-да Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 15 см-ге төмендеді 11 сәуір 2024

СҚО-да Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 15 см-ге төмендеді

Тасқын суды жинау және оны өткізу үшін гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының қауіпсіз жұмысы қамтамасыз етіледі 10 сәуір 2024

Тасқын суды жинау және оны өткізу үшін гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының қауіпсіз жұмысы қамтамасыз етіледі

Қостанай  облысында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Су қоймаларына су ағынының төмендегені байқалады. Ал, екі ірі су қоймасының орташа толуы 92%. Бүгінгі таңда су қоймаларында 489 млн текше метр су жиналды. Бұл су ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында айтты.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда ұялы байланыс қалпына келтіріліп жатыр 10 сәуір 2024

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда ұялы байланыс қалпына келтіріліп жатыр

Еліміздегі су тасқыны базалық станцияларды электрмен жабдықтау және ажырату проблемаларына әкеп соқтырды. Салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Атырау және Ақмола облыстарындағы ұялы байланыс операторлары желілерінің жұмысы тежелді. Атап айтқанда, Құлсары қаласында 5 базалық станция су астында қалды, қазір олар басқа байланыс станциялары есебінен қамтамасыз етілуде. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ ресми өкілі Альбина Атен ОКҚ алаңында хабарлады.

Павлодар облысының тұрғындарынан келіп түскен өтінімдер бойынша су тасқынынан келтірілген залал толық көлемде өтелді 10 сәуір 2024

Павлодар облысының тұрғындарынан келіп түскен өтінімдер бойынша су тасқынынан келтірілген залал толық көлемде өтелді

Ұлытау облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақты 10 сәуір 2024

Ұлытау облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақты

Ұлытау облысының аумағында су тасқыны кезеңі 2024 жылғы наурыздың екінші жартсында күннің күрт жылынуы салдарынан қарқынды жүрді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Су тасқыны кезеңінен бастап 22 елді мекендер мен шаруа қожалықтарында су басу қаупі төну факторлары тіркелді. 29- наурыз 2 сағат 09 минут шамасында 1 елді мекенде Ұлытау ауданы, Жезді кентінде Жезді өзенінің арнасынан шығу салдарынан 10 үйдін су басуы жағдайы орын алды. Бұл туралы Ұлытау облысы ТЖД бастығы, полковник Есен Байыров ОКҚ алаңында айтты.

Сенат депутаты Г. Шиповских Қостанай өңіріне барды 10 сәуір 2024

Сенат депутаты Г. Шиповских Қостанай өңіріне барды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Қостанай өңіріне барып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтармен кездесті. Сондай-ақ ол жергілікті мамандар және мәслихат депутаттарымен кездесіп, Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты туындаған мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Бұл туралы депутат ОКҚ алаңында хабарлады.

Жайық өзені деңгейінің көтерілуі басты назарда 10 сәуір 2024

Жайық өзені деңгейінің көтерілуі басты назарда

БҚО-да су тасқыны жағдайы бойынша авариялық-құтқару жұмыстары өз жалғасын табуда. Су басуға байланысты 1 сәуірден бастап Орал қаласы мен 4 аудан бойынша төтенше жағдай жарияланған. Облыста су тасқыны қаупі әлі сейілген жоқ. БҚО төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

ШҚО-да су тасқынының бірінші толқыны аяқталды 10 сәуір 2024

ШҚО-да су тасқынының бірінші толқыны аяқталды

Ақтөбе облысында су тасқыны жағдайы тұрақты деңгейде 10 сәуір 2024

Ақтөбе облысында су тасқыны жағдайы тұрақты деңгейде

Облыс әкімінің төрағалығымен Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда. Ахуал толығымен бақылауда. Су тасқыны кезеңінде ең көп электр желісінен ажыраған елдімекендер саны 55-ке жетіп, 5195 абонент болған. Қазіргі таңда ол сан 9 есеге азайды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ алаңында осылай деді.

«Біргеміз» фронт-офисі ашылды 10 сәуір 2024

«Біргеміз» фронт-офисі ашылды

Биыл Жастар бастамаларын дамыту орталығында еріктілік орталығы өз қызметін қайта бастады, оның аясында «Біргеміз» фронт-офисі ашылды. Фронт-офистің мақсаты жастар арасында еріктілік қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, олардың әлеуметтік жобалар мен бастамаларға белсенді қатысуын ынталандыру, сондай-ақ түрлі қоғамдық және қайырымдылық бастамаларға қолдау мен көмек көрсету болып табылады. Бұл туралы Павлодар облыс әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің волонтерлік орталығының басшысы Айжан Қали ОКҚ брифингінде хабарлады.