Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды 8 сәуір 2024

Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай 6 ауданда және Ақтөбе қаласында жарияланды. Су тасқыны салдарынан облыста 1053 тұрғын үй, 46 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 689 саяжай үйлері зақымданған. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ алаңында хабарлады.

Республикалық және жедел штабтар тәулік бойы жұмыс атқарып жатыр 8 сәуір 2024

Республикалық және жедел штабтар тәулік бойы жұмыс атқарып жатыр

Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 704 жеке тұрғын үй, 567 аула аумағы, 1 824 саяжай үйлері және түрлі мақсаттағы 75 ғимарат су астында қалды. Су жүрген 133 автожол учаскелерінде және су шайған 4 көпірді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 59 көлік қатынасы жоқ елді мекен жедел штабтың бақылауында. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман ОКҚ брифингінде хабарлады.

Қанат Бозымбаев: Атырауда ТЖ режимі үлкен суға тез дайындалу үшін жарияланды 7 сәуір 2024

Қанат Бозымбаев: Атырауда ТЖ режимі үлкен суға тез дайындалу үшін жарияланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте еліміздің облыстарындағы ағымдағы су тасқыны жағдайы туралы айтып берді.

Су қоймаларынан суды жіберу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр 7 сәуір 2024

Су қоймаларынан суды жіберу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қостанай облысының Қаратомар су қоймасынан секундына 3250 текше метрді су жіберіліп жатыр. Су қоймасы 99% - ға толды, ол транзиттік режимде жұмыс істейді, суды жіберу көлемін ұлғайтуға болады. Қостанай облысының өзінде су тасқыны жалғасуда. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында хабарлады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленді 7 сәуір 2024

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеу алгоритмі әзірленді

Су басу өңірлерінде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 60 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Оның ішінде: Ақмола облысы – 18,8 мың бас, Қостанай облысы – 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында – 10 мың бастан көп, БҚО – 4,5 мың бас, Қарағанды облысы – 1,5 мың бас. Бұл туралы ҚР АШМ ресми өкілі Олжас Тлебалдин ОКҚ алаңында хабарлады.

Бірқатар өңірде дауылды гидрологиялық ескертулер жасалды 7 сәуір 2024

Бірқатар өңірде дауылды гидрологиялық ескертулер жасалды

Бүгінгі таңда су деңгейінің көтерілуі Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасуда. Су объектілерінде мұз жағдайының әлсіреуі мен бұзылуы, кептеліс құбылыстары, су деңгейінің ауытқуы мен көтерілуі байқалады. Кей жерлерде өзен арналарында қардың қарқынды еруі, сондай-ақ еріген су ағыны мен бүйірлік ағынның шығуы есебінен шектік белгілерден асып кетіп отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова хабарлады

ҚР ТЖМ: 6 облыс су астында қалды 7 сәуір 2024

ҚР ТЖМ: 6 облыс су астында қалды

10 өңірде әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 30 ТЖ жариялады. Бұл Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстары, БҚО, СҚО, Абай, Ұлытау облыстары. Су тасқыны кезінен бастап ел бойынша 72 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 17 мыңнан астам кәмелетке толмағандар бар. Уақытша орналастыру пункттерінде қазір 14 466 адам бар, оның ішінде 7 269 бала бар. Құтқару және эвакуациялау әуе бортының көмегімен жүзеге асырылады. 2,6 мыңнан астам адам тасымалданды. Мұндай деректерді ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева айтты.

Қостанай өңірінде 7 мыңнан астам адам құтқарылды 7 сәуір 2024

Қостанай өңірінде 7 мыңнан астам адам құтқарылды

Қостанай облысында тілсіз жаумен күрес жалғасуда. 25-наурыздан бастап құтқарушылар өңірдің оңтүстігіндегі Арқалық, Жангелді, Торғай аудандарында қызмет көрсетті. Бүгінде Қостанай облысының орталық аймақтарында Қарабалық, Федоровка, Әулиекөл, Қостанай ауданында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ брифингінде хабарлады.

БҚО-да 7039 адам эвакуацияланды, оның 3538-і - балалар 7 сәуір 2024

БҚО-да 7039 адам эвакуацияланды, оның 3538-і - балалар

1- сәуірден бастап су тасқынына байланысты БҚО-да төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазір қауіп әлі сейілмеді. Бүгінгі күні су тасқынының алдын алу және авариялық жұмыстары өз жалғасын табуда. Қазіргі күнге облыс бойынша 7039 адам эвакуацияланды, оның 3538-і - балалар. Облыс бойынша 161 эвакуациялық пункт жұмыс жасап жатыр. Онда мыңнан астам адам орналасқан. Қалғандары туысқандарында орналасты. Бұл туралы БҚО ТЖД Ақпараттық-аналитикалық тобының аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында хабарлады.

Қарағанды өңірінде су тасқыны кезеңіндегі барлық қажетті шара қабылданды 7 сәуір 2024

Қарағанды өңірінде су тасқыны кезеңіндегі барлық қажетті шара қабылданды

2024 – жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық 2023 – жылғы Су тасқынына қарсы іс-шаралардың республикалық жол картасына және облыстық инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізілді. Облыс бойынша барлығы 90-ға жуық іс-шара орындалды. Шамамен 8 шақырым қорғаныс бөгеттері мен жалдар тұрғызылды, өзен арналарының 45 км су тасқыны қауіпті учаскелеріне санация жүргізілді, 11 шақырым су бұру каналдары салынды және жөнделді, 18 шақырым дренаж және су бұру жүйелері тазартылды, автомобиль жолдарының 66 учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 54 су шаруашылығы объектілеріне жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Ақмола өңірінде өзендердің 64 учаскесінде мұзды қосымша жару жұмыстары жүргізілуде 7 сәуір 2024

Ақмола өңірінде өзендердің 64 учаскесінде мұзды қосымша жару жұмыстары жүргізілуде

Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша су тасқыны жағдайы бақылауда. Білім беру және әлеуметтік объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Жабай, Нұра, Есіл және Колутон өзендерінде судың арнасынан шығу қаупі сақталуда. Тәуекелдің алдын алу үшін, өзендердің 64 учаскесінде мұзды қосымша жару жұмыстары жүргізілуде. Облыстың төрт ауданының елді мекендері, сондай-ақ астана маңының аймағы қамтылды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары, штаб төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Сергеев су қоймасының толымдылығы 163%-ды құрады 7 сәуір 2024

Сергеев су қоймасының толымдылығы 163%-ды құрады

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев атап өткендей, Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмайды. Су қоймасындағы толып кету 355 см құрайды, бірақ су шыңына дейін жеткен жоқ.