Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Жол инфрақұрылымын модернизациялау – Алматының жайлы қала ретінде дамуының маңызды құрамдас бөлігі – Е.Досаев 21 желтоқсан 2023

Жол инфрақұрылымын модернизациялау – Алматының жайлы қала ретінде дамуының маңызды құрамдас бөлігі – Е.Досаев

Биыл Алматы шаһарының 70 көшесінде 25 шақырым жаңа жол салынды. Тағы 200 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келер жылы ұзындығы 70 шақырымға тең жаңа жолдар салынып, орташа жөндеу өткізілетін жолдарды 250 шақырымға дейін жеткізу жоспарда бар. Басымдық жаңа аудандарға беріледі. Шаһар басшысы Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы мәселе жайында сөз қозғады.

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жақсарды 21 желтоқсан 2023

Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жақсарды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін  Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылып жатыр. Соның аясында сомасы 1,9 трлн теңгені құрайтын 58 іс-шара қамтылмақ. Бұл соманың 1,6 трлн теңгесі 2024-2026 – жылдарға көзделген. Бұл жайында шаһар әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Ақтөбе облысы, 2023 жыл. Инвестициялардың рекордтық ағыны, ШОБ артуы және халықтың мәселелерін шешу 21 желтоқсан 2023

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Ақтөбе облысы, 2023 жыл. Инвестициялардың рекордтық ағыны, ШОБ артуы және халықтың мәселелерін шешу

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы әкімдігінің ситуациялық орталығы жанынан құрылған колл-орталыққа 55 мыңнан астам өңір тұрғыны хабарласқан. Ақтөбеліктер автокөлік жолы, экология, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, инфрақұрылым және т.б мәселелер бойынша жүгінген. Оларды шешу үшін қандай жұмыстар атқарылды, жалпы, 2023 жылы облыс қандай нәтижелерге қол жеткізді, бұл туралы ОКҚ жыл қорытындылары бойынша еліміздің өңірлерімен бірлесіп іске қосқан жоба аясындағы кезекті материалымыздан оқыңыздар.

Қазақстан Қытай бағытына жаңа теміржол құрылысын бастады 21 желтоқсан 2023

Қазақстан Қытай бағытына жаңа теміржол құрылысын бастады

Абай облысында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында қыста жаңа жылыжай қияр өнімін бере бастады 20 желтоқсан 2023

Солтүстік Қазақстан облысында қыста жаңа жылыжай қияр өнімін бере бастады

Петропавлдағы жаңа инновациялық жылыжайда қияр алғашқы жемістерін бере бастады. Жылыжайда күн сайын 6 тоннаға дейін қияр жиналады, толық қуатына шыққанда өнімділік 16 тоннаға дейін жетпек, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Атырау облысы, 2023 ж. Инвестициялар тарту бойынша көшбасшы 20 желтоқсан 2023

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Атырау облысы, 2023 ж. Инвестициялар тарту бойынша көшбасшы

Атырау облысының еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 24%-ы құрайды. Өңір инвестиция тарту бойынша республикалық рейтингте көш бастап тұр. Атырау облысы 2023 жылды қандай нәтижелермен аяқтауда, басымдықтары мен перспективалары қандай – ОКҚ мен әкімдіктердің өтіп бара жатқан жылды қорытындылауға арналған бірлескен жобасының шеңберінде ұсынып отырған кезекті материалда Қазақстанның «мұнайлы аймағы» туралы баяндаймыз.

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Ақмола облысы, 2023 ж. Қол жеткізілген нәтижелер мен ортамерзімді перспективалар 20 желтоқсан 2023

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Ақмола облысы, 2023 ж. Қол жеткізілген нәтижелер мен ортамерзімді перспективалар

Ақмола облысының 2023 жылғы даму қорытындылары туралы материал Орталық коммуникациялар қызметі өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздің өңірлерімен бірлесіп іске қосқан жобамен біріктірілген мақалалар топтамасын жалғастырады. Өңір тұрғындары туған жерін мақтаныш етеді. Бұған себеп те жоқ емес. Ақмола облысы негізгі астықты өңірлердің алғашқы үштігіне кіреді.

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Алматы облысы, 2023 ж. Жаңа жетістіктерге бағыт 19 желтоқсан 2023

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Алматы облысы, 2023 ж. Жаңа жетістіктерге бағыт

Орталық коммуникациялар қызметі 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңір әкімдіктерімен бірлесіп қолға алған жобаның кезекті материалы Алматы облысына арналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымына енгізілген өзгерістер нәтижесінде Алматы облысы екіге бөлінді. Енді Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласы. 2023 жылдың соңында барлық жағынан күшті бұл өңірдің қандай негізгі нәтижелерге қол жеткізгені туралы материалымыздан оқыңыздар.

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Шымкент, 2023 ж. Даму стратегиясы және экономикалық серпіліс 19 желтоқсан 2023

Қуатты өңірлер – қуатты ел: Шымкент, 2023 ж. Даму стратегиясы және экономикалық серпіліс

Орталық коммуникациялар қызметі 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің өңірлерімен бірлесіп қолға алған жобаның кезекті материалы республикалық маңызы бар қала – Шымкентке арналған. Қала тұрғындары үшін 2023 жылдың ең жақсы жаңалығы, әрине, биылғы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Шымкент қаласын 2035 жылға дейінгі дамытудың жаңа бас жоспарын бекітуі болды.

Президент Астанадағы үстел теннисі орталығына барды 15 желтоқсан 2023

Президент Астанадағы үстел теннисі орталығына барды

Елорда нысандарын аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ADD Table Tennis Center Astana үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназияны аралап көрді 15 желтоқсан 2023

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназияны аралап көрді

Президентке білім ошағындағы оқу-тәрбие жұмыстарының барысы таныстырылды. Бұл мектеп жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынды. Биыл пайдалануға берілген гимназия елорданың сол жағалауындағы басқа мектептердің жүктемесін азайтуға септігін тигізді. Қазір мұнда 1466 оқушы білім алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев MODEХ Astana темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды 15 желтоқсан 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев MODEХ Astana темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды