Өңір жаңалықтары
Жетісу облысының экономикасына 10 айда 240 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды – аймақ әкімі
Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Қарағанды әуежайларында арнайы экономикалық аймақтар енгізу жоспарланып отыр
ҚР Көлік министрлігі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Қарағанды әуежайларында арнайы экономикалық аймақтар енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ерекше экономикалық режим қажет болатын басқа да өңірлік әуежайларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Семей қаласының аумағына саяжай алаптарын қосу мәселесі қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша шешілетін болады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Семей қаласының бас жоспары әзірленуде. Оны жасау жұмыстары келесі жылы аяқталады.
Shakarim High School, Оқушылар сарайы және Нефрология орталығы – Абай облысының әкімі әлеуметтік салада жүзеге асырылатын жобалар туралы айтып берді
Абай облысында орта мектеп орындарының тапшылығын жою бағытында нақты шаралар қабылданып жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндаған өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлім еткендей, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп құрылысы жоспарланған.
Абай облысында алдағы үш жылда 148 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі – облыс басшысы
Абай облысының бес жылға арналған инвестициялық жобалар пулына жалпы сомасы 1,4 трлн теңгенің 44 жобасы енді
Абай облысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары іске асырылуда. Ондағы инвестиция көлемі – 1,9 трлн теңге, 102 іс-шара қаралған. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында есеп берген өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев осындай мәлімет келтірді.
Абай облысының әкімі өңірдің алғашқы жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын шығарды
Абай облысында аймақ құрылған бір жылдан артық уақыт ішінде әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан оң серпін тіркелді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында есеп берген өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлім етті. Ол жыл көлемінде, ай сайын, барлық индикаторлар бойынша тұрақты өсім сақталғанын жеткізді.
«Мен балаларға қандай үлгі көрсетемін?» - Жамбыл облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі әр ересек адам осы туралы ойлануы керек деген пікірде
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» деген тақырыптағы дөңгелек үстел өтті. Жамбыл облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Дәурен Бағжанов өз құзіреттері аясында ол балалардың бүгіні мен болашағы қауіпсіз болуы үшін бар күшін салатынын жеткізді.
Жыл сайын арнайы әлеуметтік төлем ала алатын жұмыскерлер саны артады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы еңбек ұжымдарымен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі тәсілдері туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Тұрғындардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген - Ұлттық статистика бюросы
Алматыда Қаржыгерлер конгресінде Цифрлық теңге пилоттық режимде іске қосылды
Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресі аясында ұлттық цифрлық валюта – «Цифрлық теңгені» айналымға енгізу жобасының алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.