Өңір жаңалықтары
БҚО-да биыл 1300 жұмыс орнын құрумен 54 жоба іске қосылады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі негізгі салалардың даму барысы туралы мәлімет берді.
2025 жылдың соңына қарай өңір халқы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі - Жамбыл облысының әкімі
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте өңір басшысы Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Мәселен, БАҚ өкілдері облыста халқы аз ауылдардың тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің қалай шешілетіні туралы сұрады.
Келесі жылы Мойынқұм ауданына табиғи газ тарту жұмыстары басталады – Жамбыл облысының әкімі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берген Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов журналистің сұрағына берген жауабында өңірді газдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 4 мың жұмыс орнын құрумен 60 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отырғанын жеткізді.
Мемлекеттік қолдау отандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамытуға қалай көмектеседі: қарағандылық жылыжайлар тәжірибесі
Бүгін ОКҚ алаңында өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.
Қарағандының моноқалалары қарқынды дамуда – ОКҚ брифингі
Облыста жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 52 инвестициялық жобалар пулы құрылды. Бұл 12 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша осындай көрсеткіштерді келтірді.
Тұрғындарды жұмысқа орналастыру мен табысын арттыру басым міндет – Қарағанды облысының әкімі
Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді.
Қарағанды облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 3,4 млрд теңгеге несие беріледі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы есеп берді.
Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді
ҚР Үкіметі өңірлік жылу электр орталықтары мен басқа да жылу көздерін алдағы қысқа дайындау шеңберінде Көкшетау қаласындағы қазандықтарда жөндеу жұмыстарына өз резервінен 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Алтай Көлгінов Қарағанды облысының ауруханаларын аралады
Қарағанды облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 92 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Экология министрі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында сұрақ-жауап форматында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың өңір тұрғындарымен кездесуі өтті. Сұрақтар негізінен экологиялық мәселелерге, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға, кәріз және тазарту қондырғыларына, жануарлар дүниесін, су және орман шаруашылығын сақтауға қатысты болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу облысына жасаған жұмыс сапарында шалғай елді мекендердегі бірқатар білім беру ұйымдарын аралады. Министр Ақсу ауылындағы тарихы тереңнен тамыр тартатын ғасырлық тарихы бар «Мамания» мектебінде болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.