Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
2023 жылы «Ауыл – ел Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 143 млрд теңгеге 1500-ден астам жобаны іске асыру жоспарлануда 6 наурыз 2023

2023 жылы «Ауыл – ел Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 143 млрд теңгеге 1500-ден астам жобаны іске асыру жоспарлануда

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлады Primeminister.kz.

Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды 4 наурыз 2023

Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы құжат аясында Студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды, деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Астананың ХҚКО-да құжаттандыру терминалы іске қосылды 4 наурыз 2023

Астананың ХҚКО-да құжаттандыру терминалы іске қосылды

Жаңа аппаратпен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин танысты, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жолшы мамандары жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын толтыруға кірісті 3 наурыз 2023

Жолшы мамандары жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын толтыруға кірісті

Мамандар Алматы облысында орналасқан он карьердің материалдарын іріктеп алды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Е. Біржанов: борышкерлердің 1/5 Алматы қаласында шоғырланған. 28 ақпан 2023

Е. Біржанов: борышкерлердің 1/5 Алматы қаласында шоғырланған.

Заңнама дайындалғаннан бастап қызметкерлер өңірлерді аралап, ең көп борышкерлері бар аймақтарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Алматы облысы, Астана қаласы, Түркістан облысы және ШҚО-да. Борышкерлердің 1/5 Алматы қаласында шоғырланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық кездесуде ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті.

ШҚО кәсіпорындары елдің күнбағыс майына деген қажеттілігін жабуға дайын 20 ақпан 2023

ШҚО кәсіпорындары елдің күнбағыс майына деген қажеттілігін жабуға дайын

Өткен жұмада Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысына барып, онда кәсіпкерлермен, қауымдастықтармен, өңір тұрғындарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ облыс аудандарында фермалар мен шаруа қожалықтарын аралады, Ауқымды жоба (СҚО тәжірибесі бойынша фермалар салу үшін жеңілдікпен қаржыландыру) пулына енгізу үшін үміткер жобалармен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық өңірі бойынша 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың Жол картасын әзірлеуде 18 ақпан 2023

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық өңірі бойынша 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың Жол картасын әзірлеуде

Алғашқы құжатқа Астана қаласының әкімдігі қол қойды. Ол білім беру саласындағы мәселелерді нақты шешуге және оны одан әрі дамытуға бағытталған, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сүт-тауар фермалары мен құс фабрикалары: Жетісу облысында құны 27,9 млрд теңге болатын 14 жоба тиімді несиелендіруге үміткер болып отыр 18 ақпан 2023

Сүт-тауар фермалары мен құс фабрикалары: Жетісу облысында құны 27,9 млрд теңге болатын 14 жоба тиімді несиелендіруге үміткер болып отыр

Ауыл халқының табысын арттыру жобасы аясында Жетісу облысына 1,5 млрд теңге бөлінеді. Өңірдің 400-ге жуық тұрғыны мен ауыл шаруашылығы кооперативтері өз ісін бастауға немесе дамытуға жеңілдікпен шағын несие ала алады. Бұл туралы облыс фермерлерімен кездесуде ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің резиденциясы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға пайдаланылады 17 ақпан 2023

Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің резиденциясы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға пайдаланылады

Алакөл аудандық әкімдігінің Ақши ауылындағы резиденциясы Үшарал қаласында былтыр ашылған балаларды оңалту орталығының балансына беріледі. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Наурыз айының басында Ақсу қант зауытын іске қосу жоспарланып отыр 9 ақпан 2023

Наурыз айының басында Ақсу қант зауытын іске қосу жоспарланып отыр

Қант саласын дамыту бойынша 2026 жылға дейін кешенді жоспарға сәйкес, қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдаулет Кененбаев хабарлады.

Энергетика министрлігі Батыс Қазақстан облысын сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселелерін қалай шешетінін айтты 9 ақпан 2023

Энергетика министрлігі Батыс Қазақстан облысын сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселелерін қалай шешетінін айтты

Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп өңірді сұйытылған мұнай газымен (СМГ) қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғының тоқтауына байланысты 1 ақпаннан бастап сұйытылған мұнай газының өндірісі тәулігіне 500 тоннадан тәулігіне 190 тоннаға дейін төмендеді. БҚО-ны сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін ҚР Энергетика министрлігі «Жайықмұнай» ЖШС-мен өңірге тәулігіне 50 тонна СМГ жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматыда реставрация және консервация орталығы ашылды 9 ақпан 2023

Алматыда реставрация және консервация орталығы ашылды

Алматыда Ғылым ордасында «Реставрация және консервация орталығы» ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты, деп хабарлайды ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында.