Өңір жаңалықтары
Павлодар облысы колледжінің әрбір үшінші студенті 146 кәсіпорында дуальды оқыту бойынша практикадан өтеді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов корпустық және металл жиһаз жасап шығаратын зауытты аралады. Кәсіпорында Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері дуалды оқыту аясында еңбек етеді.
Ағымдағы жылы өңірлердің дамуына республикалық бюджеттен 5,5 трлн. теңге бөлінді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Е.Жамаубаев Алматы облысы, Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
ШҚО-да жыл соңына дейін сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 96%-ға дейін артады
Агроөнеркәсіптік секторды дамыту шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында өсімдік шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асырылуда, тиімділігі жоғары дақылдар алқаптарын ұлғайта отырып, егістіктерді әртараптандыру жүргізіліп жатыр. Шығыс Қазақстанға елде өсірілетін күнбағыстың барлық көлемінің 66% жеткізіледі. Оны қайта өңдеу көлемін ұлғайту көзделген. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов айтып берді.
Біздің байлығымыз немерелеріміз бен шөберелерімізге қалады – Д. Ахметов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттеріне сүйене отырып, ШҚО-да нақты сектордың бәсекелестік артықшылықтарын күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.
Радиоизотопты емдеу бағдарламасының арқасында қазақстандықтар енді шетелге бармайды- Д. Ахметов
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдан бастап қаржыландыру көлемі 260млрд теңгені құрайтын Семей қаласының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары іске асырылуда. Соңғы екі жыл ішінде қалаға 107 млрд теңге немесе жоспарланған көлемнің 41% салынды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Солардың бірі - Қазақстандағы алғашқы радионуклеидті терапия бөлімшесі бар онкологиялық диспансердің ядролық медицина орталығы.
МЖӘ аясында 79 жоба бойынша келісімдерге қол қойылды, 68 жоба іске асырылды – ШҚО әкімі
Тұрғын үй құрылысы белсенді дамып келеді. 7 жылда 1,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе жалпы облыстық көрсеткіштің 43%. Кезінде Семей облысында 136 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылы Семей қаласының өзінде 243 мың шаршы метр тапсырылды. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңірдің даму көрсеткіштерімен бөлісті.
Қытайға газ экспорты тоқтатылды – Д.Ахметов
Зайсан ауданында табиғи газ қоры азаюда. Кен орны таусылып, қалған газ Қытайға экспортталады деп жатыр. Бұл шын ба? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке журналистер осындай сұрақ қойды.
ШҚО-да жыл басынан бері туризм саласына 5,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Шекара маңындағы аудандар мен бұрынғы аудан орталықтарын қайта жаңғырту өңірдегі -маңызды бағыт. Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан, облыс орталығынан орташа алғанда 400 шақырым қашықтықта орналасқан өңірлер үшін халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жоспарлар қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.
ШҚО әкімі: мемлекеттік бюджетке түсім 1,6 есеге артты
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде атқарылған жұмыс қорытындылары туралы баяндады.
Д.Ахметов: 894 млрд теңгенің ауқымды жобалары іске асырылды
Шығыс Қазақстан облысының жалпы көлеміндегі Абай облысының жалпы өңірлік өнім үлесі 36% құрап, 1,9 трлн-ға жетті. Бұл 2015 жылғы деңгейден 2,3 есеге көп немесе 1,1 трлн теңгені құрайды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осындай мәліметтерді жария етті.
«Қазақстандық шоколад», «көкшетаулық балмұздақ»… Географиялық көрсеткіш зияткерлік меншік туралы заң жобасына енгізілді
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар (ұжымдық ұйымдар) қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бойынша түзетулер. Тәжірибені талдау, авторлар мен құқық иеленушілердің шағымдары ұйымдардың міндеттерін нақтылауды қажет етті. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында әділет вице-министрі Ақерке Ахметова мәлім еткендей, түзетулер 9 мыңға жуық қазақстандық автор мен құқық иеленушілердің тиесілі сыйақы алуға деген үміттерін көрсетеді және ұжымдық ұйымдардмен олардың құқықтарын бұзуын болдырмауға бағытталған.
ҚР ДСМ: Республикалық штаб отырысында КВИ ауруының Алматыда өсуі қарастырылды
Алматыда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Штаб отырысына ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері-Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова қатысты.