Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Павлодар облысында ірі кәсіпорындар қызметкерлерінің 95% вакцинацияланды 22 қыркүйек 2021

Павлодар облысында ірі кәсіпорындар қызметкерлерінің 95% вакцинацияланды

Павлодар облысына бірінші компоненттің 362 789 дозасы, 2 компоненттің 338 418 дозасы жеткізілді. Өңір тұрғындары «Спутник V», «QazVac», «Sinopharm» вакциналарымен егіле алады. Екпенің бірінші дозасын вакцинациялауға жататын облыс тұрғындарының 65,3%-ы, екінші дозаны – 57,5% салдырды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрмановаосындаймәліметтерді келтірді.

Денсаулық сақтау жүйесі қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген – Павлодар облысы әкімінің орынбасары 22 қыркүйек 2021

Денсаулық сақтау жүйесі қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген – Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Бастапқы буын жұмысы күшейтілді. Емханалар жанында үйде көмек көрсететін 160 мобильді бригада жұмыс істейді. Жыл басынан бері 95 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова мәлімдеді.

Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда 22 қыркүйек 2021

Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда

Жалпы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша профилактикаға бағытталған және халыққа уақытылы медициналық көмек көрсету бойынша барлық шаралар қабылдануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова мәлімдеді.

Өрттердің 58% тұрғын үй секторына тиесілі - ТЖМ 22 қыркүйек 2021

Өрттердің 58% тұрғын үй секторына тиесілі - ТЖМ

Жүргізілген бақылау мен профилактикаға қарамастан өрт қауіпсіздігі саласында елімізде шаруашылық объектілерінде ірі және күрделі өрттер орын алуда – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы. Ерлан Төрегелдиев бірнеше мысал келтіріп өтті. Алматы облысында қысқа тұйықталу салдарынан базарда өрт шыққан. Көксай ауылында 250 шаршы метр алаңда қойма өртенген.

Атырау облысы әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша алғашқы үштікке кіреді 17 қыркүйек 2021

Атырау облысы әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша алғашқы үштікке кіреді

Атырауда медициналық кадр тапшылығы өткір тұр. Салаға әлі жүздеген маман жетіспейді. Осы мәселе қалай шешіліп жатыр? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осындай сұрақ қойылды. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің мәліметінше, бүгінде 1450 астам дәрігер, 5100 орта буын медқызметкері жұмыс істеуде. Кадр жетіспеушілігі 219 маманды құрайды.

Атырау облысында 59 егу пункті ашылды 17 қыркүйек 2021

Атырау облысында 59 егу пункті ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда індеттен арылудың басты жолы – екпе екендігін айтқан болатын. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, өңірде вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде 59 егу пункті жұмыс істейді, оның 10 жылжымалы.

Қызылорда облысында КВИ жұқтырғандардың 91 пайызы жазылды 17 қыркүйек 2021

Қызылорда облысында КВИ жұқтырғандардың 91 пайызы жазылды

Бүгінгі күні Қызылорда облысы «Сары аймақта». Өңірде індет жұқтырған 17 247 адам тіркелсе, оның 91 пайызы жазылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімінің орынбасары Балжан Шәменова мәлім етті.

Өңірде науқастар саны 3,5 есеге төмендеді - Атырау облысы әкімінің орынбасары 17 қыркүйек 2021

Өңірде науқастар саны 3,5 есеге төмендеді - Атырау облысы әкімінің орынбасары

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Облыста індет басталғалы 49500 адамнан COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталды, оның ішінде соңғы тәулікте 98 жаңа жағдай тіркеліп отыр, осы аралықта сырқаттанған науқастардың 93%-ы сауығып шықты.

Лимиттен асу. СҚО әкімінің орынбасары тұрақтандыру қорының қоймаларында жүздеген миллион теңгеге дәрі-дәрмек неге сақталып жатқанын түсіндірді 14 қыркүйек 2021

Лимиттен асу. СҚО әкімінің орынбасары тұрақтандыру қорының қоймаларында жүздеген миллион теңгеге дәрі-дәрмек неге сақталып жатқанын түсіндірді

«Хабар 24» арнасы Солтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорына сатып алынған дәрілер мен медициналық бұйымдар қоймаларда жатқанын, тіпті сатылмайтынын хабарлады. Әңгіме 250 млн теңге туралы болып отыр. Бұл қалай болды және одан әрі не болады – журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жайлы сұрады. Әкімнің орынбасары Асқар Сақыпкереев жағдайды «олқылық» деп атап, проблемалар жоқ екеніне сендірді.

Карантиннің орнына СОО-ға бару. СҚО-да «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 333 келуші анықталды 14 қыркүйек 2021

Карантиннің орнына СОО-ға бару. СҚО-да «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 333 келуші анықталды

Бүгінде Бизнестің 2554 нысаны «Ashyq» платформасының қатысушысы болып табылады. Олар «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 333 келушіні тіркеді.«Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға 36 айыппұл салынды.«Сары» мәртебесі бар адамдарға үй карантинін сақтау бойынша 80 қаулы шығарылды. 23 мониторингтік топ санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылайды.

Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19 аурыру жағдайларының саны 2 есеге азайды- СҚО әкімінің орынбасары 14 қыркүйек 2021

Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19 аурыру жағдайларының саны 2 есеге азайды- СҚО әкімінің орынбасары

Аймақта коронавирустың таралуына қатысты жағдай тұрақты. Вакцинацияның жалғасуы және басқа да алдын алу шараларының арқасында жақсару үрдісі байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев мәлімдеді.

Той өткізу, маска тақпау, тығыз байланыста болу – сарапшылар Қостанай облысында науқастардың өсу себебін атап шықты 14 қыркүйек 2021

Той өткізу, маска тақпау, тығыз байланыста болу – сарапшылар Қостанай облысында науқастардың өсу себебін атап шықты

Көп жағдайда кронавирустық инфекцияны тасымалдаушылар 20-дан асқан жастар болып табылады. Олар отбасыларына жұқтырады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев ауру жұқтырудың себептеріне және халық арасында КВИ-дің таралуының себептері жайлы баяндады.