Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Мемлекет басшысы «CLAAS» зауытына барды 7 қыркүйек 2021

Мемлекет басшысы «CLAAS» зауытына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын «CLAAS» зауытына барды. Президентке зауытта құрастырылған астық жинайтын тракторлар, комбайндар мен тұқым себетін техникалар көрсетіліп, кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты 7 қыркүйек 2021

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылындағы «Сервис Жарс» ЖШС-нің ауыл шаруашылығы алқабына барудан басталды. Мемлекет басшысы кәсіпорынға қарасты егістік жерлердің жағдайымен танысып, егін жинау жұмыстарына пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникаларын көрді.

Мемлекет басшысы Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты 23 тамыз 2021

Мемлекет басшысы Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жұмыс сапары қаланы абаттандыруға бағытталған жобалармен танысудан басталды.

Президент «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» кәсіпорнына барды 22 тамыз 2021

Президент «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» кәсіпорнына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында Іле ауданындағы «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жағармай шығаратын зауытында болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» кәсіпорнына барды 22 тамыз 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» кәсіпорнына барды

Мемлекет басшысына кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. Компания басшылығының мәліметіне сәйкес 4,5 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорынға 30 миллиард теңге инвестиция салынған. Компания Жапония, Швейцария және Германиядан әкелінген инновациялық құрылғылармен тез дайындалатын азық-түлік өнімдерін шығарады. Жылына 85 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндігі бар.

Мемлекет басшысы–Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы «Қайсар-2021» оқу-жаттығуына барды 22 тамыз 2021

Мемлекет басшысы–Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы «Қайсар-2021» оқу-жаттығуына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан құрылымының Алматы облысындағы Жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында өткен «Қайсар-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуларына барды.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады 19 тамыз 2021

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовтің аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдады. Облыс әкімінің айтуынша, физикалық өсім индексі 5 пайызға жетсе, негізгі капиталға салынған инвестиция 5 пайыздан асқан. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында да едәуір өсім байқалады.

Құрғақшылықтан зардап шеккен мал өсірушілерді қолдауға қазақстандықтар жинаған қаражатты әкімдіктер бөлетін болады 12 тамыз 2021

Құрғақшылықтан зардап шеккен мал өсірушілерді қолдауға қазақстандықтар жинаған қаражатты әкімдіктер бөлетін болады

Қызылорда облысы үшін 1,7 млрд теңге және Маңғыстау облысы үшін 5,3 млрд теңге жемшөп сатып алуға және қыстауға жеткілікті болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берген ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Резервтен бөлінген қаржы арнайы мал азығының бағасын арзандатуға ғана арналған 12 тамыз 2021

Резервтен бөлінген қаржы арнайы мал азығының бағасын арзандатуға ғана арналған

Маңғыстау облысына Үкімет резерві тарапынан 1,9 млрд теңге, Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жергілікті бюджетке жетті, бүгінде әкімшілік оны үлестіре бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Вакцина барлығын және бүкіл ұжымды қорғайды – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері 4 тамыз 2021

Вакцина барлығын және бүкіл ұжымды қорғайды – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері

Елордада коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдай қолайсыз болып қалуда. Анықталған жағдайлармен ауруханаға жатқызулар саны әлі де жоғары. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Оның айтуынша, инфекциялық стационарлардың жүктемесі 69% құрайды және елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қою қызыл» аймақтан «қызыл аймаққа» ауысты.

Биыл СҚО-да Оңтүстіктен 2 мыңға жуық қоныс аударушылар келеді деп күтілуде 3 шілде 2021

Биыл СҚО-да Оңтүстіктен 2 мыңға жуық қоныс аударушылар келеді деп күтілуде

СҚО-ның Ресеймен шекаралас аудандарында халық кетіп жатыр. Оңтүстіктен сол жерге қоныс аудару бағдарламасы бар ма? Қандай перспективалар бар – ұсынылатын тұрғын үйдің сапасы көп нәрсені қажет ететінін ескере отырып, қанша адам қоныс аударуға ниетті? Бұл туралы аймақ басшысынан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сұрады.

СҚО-да бірінші сынып оқушылары санының өсу үрдісі байқалады 3 шілде 2021

СҚО-да бірінші сынып оқушылары санының өсу үрдісі байқалады

Облыс мектептерінің 63% - ы күрделі жөндеуден өтті. Бұл 249 білім беру нысаны. Бұл жұмысқа жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Биыл күрделі жөндеу жұмыстарына 56 мектеп кезекте тұр. Оларды жақсартуға 4,3 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар, 84 мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Балалар үшін 18 мектеп автобусы сатып алынады. Білім беруге баса назар аудару оқушылар контингентінің артуына байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО әкімі Құмар Ақсақалов айтты.