Өңір жаңалықтары
Гвардейскідегі зауыт: жобаны іске қосуға көмектесу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс істейді - Денсаулық сақтау министрі
Жамбыл облысында ковидке қарсы вакцина шығаратын зауыт жыл соңына дейін іске қосылуы тиіс. Арнайы жабдықты жеткізуді, орнатуды және одан әрі лицензиялауды кім бақылайды?
Маңғыстау өңірі тұрғын үй құрылысы бойынша үздік үштік қатарында
Маңғыстау облысы соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысы бойынша республикада үздік үштік қатарына енді. Өңірде құрылыс жұмыстары жеке тұрғын үй құрылысымен қатар мемлекеттік бағдарламалар арқылы қарқынды жүргізілуде. 5 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 9,1%-ға өсіп, 55,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Су тапшылығы мәселесі ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы шешіледі – Маңғыстау облысының әкімі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі өңірде ауыз су тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, мәселе облыс тұрғындарының әрқайсысы үшін ең маңыздыларының бірі болып табылады.
Маңғыстау облысында 15 мың тонна құрама жем шығаратын зауыт іске қосылды
Биыл қыста қардың, көктемде жауын-шашынның түспеуі – мал өсіріп отырған шаруаларға қиындық тудырып отыр. Өңірдегі қуаңшылық жағдайына орай мал басын сақтап қалу мақсатында жем-шөппен қамту шараларын қабылдау үшін арнайы штаб құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Серікбай Трұмов мәлім етті. Оның айтуынша, Ақтөбе облысымен меморандумдар жасалды. Бұл мақсаттарға тиісті қаражат қарастырылды. Бүгінгі күндері көрші облыстардан тиелген жем-шөп өңір шаруаларына жеткізіледі.
С.Трұмов: Ақтауда жағажай туризмі, аудандарда эко-этнотуризм дамуда
Маңғыстау облысы туризмді дамытуға қолайлы аймақтардың үздік ондығына кіреді. Ақтауда жағажай туризмі, аудандарда эко-этнотуризм даму үстінде. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте аймақ әкімі мәлім етті.
Маңғыстау облысы инвестиция тарту бойынша үздік аймақтар қатарында
Өңірдегі әлеуметтік-экономкикалық дамуда тұрақтылықты қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады. 2021 жылдың 5 айында өңірлердің даму қорытындысына сәйкес Маңығастау облысы өте жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр. Бұл туралы аймақ әкімі Серікбай Тұрымов мәлімдеді.
Қызылорда облысында шыны зауытының құрылысы 80% - ға аяқталды. Күзде іске қосу жоспарланған – аймақ басшысы
Шыны зауыты – облыс үшін стратегиялық маңызды жобалардың бірі. Сондықтан оны жүзеге асыру аймақ басшысының жеке бақылауында. Гүлшара Әбдіқалықова құрылыс алаңына үнемі барып тұрады, зауыт басшыларымен бірге туындаған мәселелерді шешеді. Бұл туралы әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Журналистер құрылысы 5 жылдан астам уақытқа созылған кәсіпорын жайлы сұрады.
2022 жылдың соңына дейін 79 жаңа мұнай-газ ұңғымасын бұрғылау жоспарлануда – Г. Әбдіқалықова
Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемінің қысқару үрдісі сақталып отыр. Ағымдағы жылдың 5 айында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіру 9% - ға төмендеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады. Ол бірден мәселені шешу бойынша шаралар қабылданып жатыр деп сендірді.
Кальцилендірілген сода өндіру жобасы өңірге инвестиция тартуға мүмкіндік береді – Қызылорда облысының әкімі
Арал ауданында салынатын Кальцилендірілген сода өндіру зауытының құрылысына жергілікті халық қарсы болып жатқан секілді. Себебі неде? Эколог мамандар қандай шешім шығарды? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызықлорда облысының әкімі осы сұраққа жауап берді. Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, қазіргі кезде қажетті құжаттар дайындалып жатыр.
Қызылорда облысы тұрғындарының 97%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді
Үкімет қолдауының арқасында Қызылорда облысында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де шешілуде. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 97%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, 65%-ы табиғи газ тұтынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады. Жыл соңына дейін аймақ халқының 67,4 %-көгілдір отынға қосылады.
Қызылорда облысында 6 мектеп пайдалануға беріліп, 48 мектеп қайта жаңғыртудан өтеді
2021 жылы Қызылорда облысында 2600 орындық 6 мектеп, оның ішінде 800 орындық 2 жеке мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 3750 орындық тағы 5 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндады. 48 мектеп қайта жаңғыртылады.
Сумен қамтамасыз ету Қызылорда облысындағы ең өзекті мәселелердің бірі – Г.Әбдіқалықова
Сырдария өзеніндегі судың аздығы біраз тірлікке салқынын тигізе бастады. Әсіресе, егінмен күн көріп отырған шаруалардың алаң көңілі басылар емес. Бұл мәселе қалай шешіледі? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға осындай сұрақ қойылды. Облыс басшысының айтуынша, Үкімет және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі көрші елдермен жеке келіссөздер жүргізуде.