Өңір жаңалықтары
Қызылорда облысында экономиканың даму қарқыны сақталды – аймақ басшысы
Пандемия жоспарларымызға түзетулер енгізгеніне қарамастан, экономиканың даму қарқынын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамика қамтамасыз етілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
Шалғай елді мекендердің тұрғындарын вакцинациялау үшін 39 мобильді топ құрылды
Қызылорда облысы жасыл аймақта, бірақ коронавируспен күрес жалғасуда. Індеттің таралуын тоқтату үшін барлық шаралар қабылдануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте әкім Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады
Президентке Шығыс Қазақстан облысының жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.
С. Шалабаев: полиция назарын адамдар трафигі үшін барынша «қолайлы» жерлерде рейдтік іс-шараларды жандандыруға аударамыз
Ресми мәліметтер бойынша, 2021 жылы адам саудасына байланысты 68 қылмыс тіркелген. Шымкентте және Алматы облысында ананың өз баласын сату фактілері анықталды. Полиция бұзақылық көп жасалатын жерлерде рейдтерді күшейтуде.
Алматы облысындағы негізгі туристік объектілерге апаратын жол құрылысы 2022 жылға қарай аяқталады – А. Баталов
Талдықорған-Өскемен автожолының құрылысы қашан аяқталады және тұрғындар Алтын Орда ауданында кептелісте тұрмай, Алматыдағы Қаскелеңнен қашан қиындықсыз шыға алатын болады? Өңір басшысы Амандық Баталов тікелей эфирде өткен брифингте осы сұрақтарға жауап берді.Ол Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп берді.
Алматы облысында 20 блокты-модульді медициналық пункт салынады
Алматы облысында медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету және шалғайдағы ауылдарды қамту үшін 2025 жылға дейін 109 нысан салу жоспарлануда. Оның 23-і ағымдағы жылы тапсырылады, оның ішінде 20 блокты-модульді медпункт. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.
Алматы облысында биыл 28 мектеп салынады
Алматы облысында 7 мектеп іске қосылды, соның төртеуі үш ауысымды мектептердің орнына пайдалануға берілді. Биыл 28 мектептің құрылысы жоспарланған, соның 19-ы – үш ауысымды мектептің орнына салынып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру барысында өңір әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
Биыл Алматы облысы тұрғындарының 61%-інің табиғи газға қосылуына мүмкіндік туады
Өткен жылы облыс тұрғындарының 59%, яғни 1,2 млн. адамның газға қосылуына мүмкіндігі болды. Биылғы жылы тағы 23 елді мекенде осындай жағдай жасалып, көрсеткіш 61%-ке жетеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
Алматы облысында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 60 мың жұмыссыз азамат қамтылады
Биылғы жылы Алматы облысында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тартылады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.
Биыл Алматы облысында 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биыл 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов хабарлады
Алматы облысында шағын және орта бизнес өнімінің көлемі 1,8 трлн. теңгеге жетті
Алматы облысында 125 мың шағын және орта бизнес субъектісінде 275 мың адам жұмыс істейді. Шағын және орта бизнесте өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, 1,8 трлн. теңгеге жетті, ал ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% болып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлім етті.
Алматы облысында қант қызылшасының көлемін 2 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда
Агроөнеркәсіптік кешенде 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, сүт өнімдері, дәнді және майлы дақылдарды өндіру мен өңдеу бойынша жеті ірі экожүйе қалыптастыру жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен есеп беру брифингінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.