Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады 20 наурыз

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды.

Қызылорда облысында жылына 3,5 мың тонна өнім өндіретін құс фабрикасы іске қосылады 20 наурыз

Қызылорда облысында жылына 3,5 мың тонна өнім өндіретін құс фабрикасы іске қосылады

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Абдулла» шаруа қожалығының заманауи құс фабрикасын салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпорын жылына 3,5 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге бағытталады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады 19 наурыз

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

Биыл Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны – 44,6 млрд теңге. Жобалар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуге, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Аталған жобаларды іске асыру агроөнеркәсіптік салаға инвестициялар тартуға, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Биыл құны 900 млн теңгені құрайтын 8 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірленбек 18 наурыз

Биыл құны 900 млн теңгені құрайтын 8 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірленбек

Су саласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру және құрылыстарды су тасқыны кезеңіне дайындау шеңберінде Ілек өзеніндегі көлемі 245 млн текше метр болатын Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау аяқталды. Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасын және Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасын реконструкциялау аяқталды. Су қоймаларын реконструкциялау бойынша 5 жоба әзірленді. 7 облыста орналасқан 13 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірлеу жалғасады. Ағымдағы жылы құны 900 млн теңге болатын 8 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірлеу жоспарланған. ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деді.

Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі 18 наурыз

Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі

Жаңа Конституцияның нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Астана мен Алатау қаласы үшін ерекше құқықтық режимді айқындайтын заң жобалары әзірленді. Заң жобалары Алатау үшін «қарқынды даму қаласының» режимін енгізеді және қалалық ортаның сапасын арттыру үшін Астана мәртебесін нақтылайды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Түркістанда «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті 17 наурыз

Түркістанда «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті

17 наурыз – Шаңырақ күні мерекесіне орай Түркістан қаласында «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық дәстүрлерді жаңғырту және ананың қоғамдағы мәртебесін ұлықтау, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігі.

Талғар ауданында буллинг пен құқық бұзушылық азайды: «Заң мен тәртіп» жобасы республика деңгейінде кеңінен таралады 17 наурыз

Талғар ауданында буллинг пен құқық бұзушылық азайды: «Заң мен тәртіп» жобасы республика деңгейінде кеңінен таралады

Алматы облысы Талғар ауданының мектептері мен колледждерінде «Заң мен тәртіп» пилоттық жобасы аясында білім алушылар арасындағы тәуекел факторларының азайғаны тіркелді. Аралық мониторинг қорытындысы оң динамика көрсетті. Жобаның тиімділігін ескере отырып, оны бүкіл республика бойынша кеңінен енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Астанада 1–3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді 16 наурыз

Астанада 1–3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді

Биыл 1–3 қазан аралығында елорда Орталық Еуразиядағы ең ірі технологиялық оқиға – AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумының алаңына айналады. Бұрын Digital Bridge атауымен белгілі болған форум жаңартылған форматта өткізіліп, Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған басымдықтарын айқын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Наурызнама-2026: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында Ақтөбеде 24 сағаттық жыр кеші өтуде 16 наурыз

Наурызнама-2026: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында Ақтөбеде 24 сағаттық жыр кеші өтуде

Ақтөбе қаласында «Наурызнама» онкүндігінің Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында «Жыраулар жолымен…» атты 24 сағаттық жыр кеші өтіп жатыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Республикалық референдум оқыс оқиғасыз тұрақты түрде өтіп жатыр – ҚР Бас прокуратурасы 15 наурыз

Республикалық референдум оқыс оқиғасыз тұрақты түрде өтіп жатыр – ҚР Бас прокуратурасы

Республикалық референдум оқыс оқиғасыз тұрақты түрде өтуде. Тек Қарағанды облысында бір азамат онлайн платформада қоғамдық пікірге заңсыз сауал салып, үгіт жүргізді. Ол заңсыз жазбаларын өшіріп, кінәсін мойындады. Сондықтан оған қысқартылған тәртіппен айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Бас gрокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.

Алматы облысында 437,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі 11 наурыз

Алматы облысында 437,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

Өңірде 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 438 мың гектар жерге орналастыру жоспарланған. Оның ішінде егіс алқаптарының 51%-ы, яғни 224 мың гектары – суармалы жерлер, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады 10 наурыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.