Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Астанада «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтіп жатыр 18 ақпан

Астанада «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтіп жатыр

Астанада 9–13 жас аралығындағы оқушыларға арналған «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтіп жатыр. Шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасының Білім министрлігі бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстанда жылына 10 мың тонна қуаттылықтағы тағамдық желатин өндіру зауыты салынады 17 ақпан

Қазақстанда жылына 10 мың тонна қуаттылықтағы тағамдық желатин өндіру зауыты салынады

Жоба Алматы облысында тағамдық желатин өндіретін және мал шаруашылығының жанама өнімдерін – тері, сүйек және басқа да коллаген құрамды шикізатты терең өңдейтін зауыт салуды көздейді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына шамамен 10 мың тонна тағамдық желатинді құрайды, деп хаабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Премьер-министр Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді 16 ақпан

Премьер-министр Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары барысында ЖЭО-3-ке барып, Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі міндеттері шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымның дамуын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады 16 ақпан

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Іс-шараның негізгі алаңдарының бірі, ҚР Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы әділ энергетикалық көшуге арналған панельдік сессия болмақ, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Астанада халықаралық деңгейде аккредиттелген геологиялық зертханалық кешен құрылады 13 ақпан

Астанада халықаралық деңгейде аккредиттелген геологиялық зертханалық кешен құрылады

Алдағы үш жылда мемлекеттік геологиялық зерттеу жобаларына шамамен 240 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар заңнамалық деңгейде жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың қол қою бонусынан түсетін қаражаттың 50%-ын мемлекеттік геологияны және геологиялық инфрақұрылымды дамытуға бағыттау нормасы бекітілген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының м.а. Қанат Ерубаев мәлімдеді.

Арал өңірі халқының денсаулығы Астанадағы өңірлік экологиялық саммитте талқыланады 13 ақпан

Арал өңірі халқының денсаулығы Астанадағы өңірлік экологиялық саммитте талқыланады

Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұйымдастыруымен Арал өңірі халқының денсаулығына арналған панельдік сессияны өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Елімізде 2030 жылға дейін 660 МВт жаңа СЭС іске қосылады 13 ақпан

Елімізде 2030 жылға дейін 660 МВт жаңа СЭС іске қосылады

Қазақстан гидроэнергетика саласын кезең-кезеңімен кеңейтуде. Қазіргі уақытта республика бойынша жалпы белгіленген қуаты 313 МВт болатын 43 гидроэнергетика нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы жүзеге асқан жобалар қатары Жетісу облысындағы жаңа станциямен толықты. Қуаты 26 МВт «Корин CЭС-2» нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды 11 ақпан

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

Атырау облысында 15,5 мың тонна сыйымдылығы бар көкөніс сақтау қоймасын қамтитын заманауи логистикалық орталығы іске қосылды. Бұл – Батыс Қазақстандағы ірі және қазіргі технологиялық деңгейдегі алғашқы нысан. Ол аймақтағы ауыл шаруашылығы логистикасын дамытуға және негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды 10 ақпан

Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту тақырыбында жиын өтті. Оған салалық министрліктер басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстанда 2025 жылы 889 мың тонна өсімдік майы өндірілді 6 ақпан

Қазақстанда 2025 жылы 889 мың тонна өсімдік майы өндірілді

Былтыр майлы дақылдар егілген алқаптар 3,9 млн гектарға дейін ұлғайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға немесе 1,1 млн гектарға артық. Оның ішінде күнбағыс егіс алқабы 38,4%-ға немесе 491,1 мың гектарға кеңейтілді. Майлы дақылдар бойынша негізгі егіс алқаптары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында орналасқан, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Таза Қазақстан»: былтыр Түркістан облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызылды 5 ақпан

«Таза Қазақстан»: былтыр Түркістан облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызылды

Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама шеңберінде облыстың барлық аудандары мен қалаларында жасыл желектерді күтіп ұстау, абаттандыру және тазалық шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Түркістан облысында құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады 4 ақпан

Түркістан облысында құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады

Түркістан облысының Келес ауданында 51 гектар аумақта жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіруге арналған «Ecoculture-Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.