Өңір жаңалықтары
Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады
Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Ақтөбе облысында «Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу» туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесін дамыту: жаңа нысандар, жабдықтар мен кадрлар
Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде 66 ФАП, оның ішінде 51-і қайтарылған активтер есебінен салынды. Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Балқаш қаласында балаларға арналған оңалту орталығы үшін ғимарат жөнделді, Онкология орталығының операциялық-реанимациялық блогын жарақтандыруға қаржы бөлінді. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Онкология орталығына заманауи желілік үдеткіш пен компьютерлік томограф алынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Көкшетаудағы заманауи аурухана бүкіл солтүстік макроөңірдің денсаулық сақтауын күшейтеді
Көкшетау қаласында 2024 жылдың қазан айында басталған 630 төсек-орындық жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасып жатыр. Жоба еліміздің денсаулық сақтау саласындағы аса маңызды және жүйелі инфрақұрылымдық жобалардың бірі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
27 мыңнан астам адам скорингтік модель арқылы қосымша қолдау алды
Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқатын анықтауда скорингтік модельді пайдалана отырып, мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. Қазіргі уақытта 4 мемлекеттік қызмет толығымен енгізілді, 27,1 мың өтініш берушіге қосымша қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жамбыл облысында Фурманов айналма каналында соңғы 40 жылда алғаш рет жасалған механикалық тазалау жұмыстары аяқталды
Бұл жұмыстар биыл шілде айында басталып, 25 желтоқсанда аяқталды. Тазалау жұмыстарына 9 шынжыртабанды экскаватор және 2 тиегіш техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Хромтауда елдегі алғашқы білім беру-өндірістік кластер іске қосылды
Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде Ақтөбе облысының тау-кен металлургия саласына арналған өңірлік білім беру-өндірістік кластері ресми түрде ашылды. Жоба Қазақстанда алғаш рет кадр даярлаудың үздіксіз жүйесін қалыптастырды: білім беру үдерісі мектепке дейінгі жастан басталып, мектепте, колледжде және өндірісте жалғасады. Бұл модельдің нәтижесі – түлектердің тау-кен металлургия саласының жетекші кәсіпорындарына 100% жұмыспен қамтылуы, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды.
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды.
Маңғыстаулық құтқарушылар мен тәртіп сақшылары барлық қажетті жабдықтармен қамтылды
Маңғыстау облысында төтенше жағдайлар және қорғаныс саласы қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшін мекемелерге арнайы техникалар сатып алынды. Үш ауылда заманауи техникалармен қамтылған 3 жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды. 7 ауылда өрт сөндірушілерге арналған модульдік ангар пайдалануға берілді. Бұл жайлы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында айтты.
Маңғыстау облысында үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілмек
Маңғыстау облысында «Келешек мектептері», «Ауыл – Ел бесігі» жобалары аясында және демеушілік есебінен облыста 14 мектептің құрылысы мен 2 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді. Өткен оқу жылында 3 ауысымда оқитын 10 мектеп болса, биыл 3 мектеп қалып отыр. Өңірдегі үш ауысым мәселесін түпкілікті жою үшін 9100 орынға арналған 8 мектептің құрылысына және жапсаржай салу үшін ЖСҚ дайындалуда. Өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ баспасөз мәслихатында осылай деді.
Былтыр жазда Маңғыстау облысында тұщы су тапшылығы болған жоқ
Маңғыстау өңіріндегі маңызды мәселелердің бірі – инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Облыста ауыз су тапшылығы ұзақ жылдар бойы күрделі проблема болды. Аталған мәселені шешу бағытында Ақтау қаласында 46 мың текше метр суды тұщытатын қондырғы іске қосылды. Өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлағандай, осы шаралардың нәтижесінде биыл жазда ауыз су тапшылығы болған жоқ.
Маңғыстау өңірінде албырт тұқымдас балық өсіру шаруашылығы қолға алынды
Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығы саласында биыл 38 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Оның ішінде мал шаруашылығында өнім шығару көлемі 22,4%-ға көбейді. Өңірде 95 мыңға жуық түйе басы тіркелген. Түйе сүтінің өнімдерін экспортқа шығару мақсатында түйе сүтін терең өңдеуге бағытталған 3 ірі инвестициялық жобаны іске асып жатыр. Түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдырып экспортқа шығару жоспарда бар. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында хабарлағандай, биыл түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын цех ашылды.