Өңір жаңалықтары
СҚО-да шығарылатын жалпы өнім көлемі 878 млрд теңгеден асты
Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 13%-ды құрады. Негізгі салалар оң өсімді көрсетті. 10 ай ішінде ауыл шаруашылығында 9,3%, өнеркәсіпте 19,1%, құрылыста 30,1%, тұрғын үйді пайдалануға беруде 3,9%, инвестицияларда 7,3% өсу қамтамасыз етілді. Өңір үшін ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі саласы болып табылады: агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Атырау өңіріндегі 43 ауылға талшықты-оптикалық интернет желісі тартылып жатыр
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарда оң нәтиже бар. Интернетпен қамту деңгейі 99,7%-ға жетіп, 14 шалғай орналасқан елді мекен интернетке қосылды. 155 5G базалық станция орнатылып, 43 ауылға талшықты-оптикалық интернет желісі тартылуда. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Атырау облысында туризм саласына 32 млрд теңге инвестиция тартылды
Биыл Атырау өңірі Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында және қала аумағындағы екі елді мекенде жаңа мәдениет үйлері пайдалануға берілді. Қазір тағы 15 мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар ауыл халқының шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беріп, өңірдің мәдени әлеуетін нығайта түседі. Сонымен қатар Атырау қаласында 1200 орындық концерт залы мен тарихи-өлкетану музейі, 600 орындық конгресс-холл, бейбітшілік келісім сарайының құрылысы басталды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Атырау облысында маңызды инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды
Атырау облысында халықты сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен, электр желілерімен қамтамасыз ету 99,9%, яғни 713 мыңнан аса адамды қамтиды. Бүгінде тұрақты және сапалы қызмет көрсету аясында бірқатар инфрақұрылымдық жоба іске асты. Атап айтқанда, Атырау қаласы мен Мақат тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында №5 сүзгі стансасы қайта жаңғыртылып, су тұтыну көлемі тәулігіне қосымша 50 мың текше метрге артты. Бұл жайында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Атырау облысында инвестициялық жобалардың арқасында 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды
Биылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес Атырау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер қалыптасты. Алайда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша 30%-ға дейін төмендеді. Бұған «Теңізшевройл» ЖШС-нің Келешек кеңею жобасының аяқталуы әсер етті. Бірақ өзге инвестициялардың өсімі 29%-ға ұлғайды. Өңірдің дамуының басты экономикалық драйвері – мұнай-газ саласы. Бүгінде құны 10,7 млрд долларды құрайтын үш ірі зәкірлі инвестициялық жоба (полиэтилен өндірісі, газ сепарациялық қондырғы, газ өңдеу зауыты) жүзеге асырылуда. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет резервінен Ұлытау облысының сумен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Президенттің халықтың өмір сүру сапасын арттыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды аяқтауға бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.
2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі
2025 жылы Ұлытау өңірінде 4,9 млрд теңгеге 819 шақырым электр желілері мен 272 электр жабдығын жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1,8 млрд теңгенің жұмысы монополист кәсіпорындарға бекітілген инвестициялық жобалар арқылы іске асты. «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылдың Жаңаарқа кентінің электр желілерін салу жобасы бойынша 730 млн теңге қарастырылып, 46,2 шақырым электр желілері тартылды. 1447 жаңа баған және 13 дана толық трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды.
Жыл соңына дейін Жезқазғанда ескек есу спорт түрлері бойынша спорт кешенінің құрылысы аяқталады
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдегі дене шынықтыру және спорт саласының дамуы туралы айтты. Биыл Жезқазғанда көпфункционалды дене шынықтыру кешені мен Шахмат академиясы, Қаражал қаласында жабық жүзу бассейні және Сәтбаев қаласында ангарлық үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді.
Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салада жаңа жобалар іске асып жатыр
Былтыр Жезқазған қаласында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы және Жаңаарқа ауданында мал шаруашылығы кешені мен мал сою цехы іске қосылған. Ал, биыл жалпы құны 17 млрд теңге болатын 10 жоба іске асуда. Оның ішіндегі құны 8,5 млрд теңгені құрайтын 7 жоба ағымдағы жылы іске қосылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков хабарлады.
Ұлытау облысы ШОБ дамытуға ең қолайлы аймақтардың алғашқы үштігіне кіреді
Шағын және орта бизнесті дамыту – өңірдің басым бағыттарының бірі. Ұлытау облысында мемлекеттік қолдау шараларының арқасында барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім байқалады. Биылдың басынан бері ШОБ субъектілері 160,6 млрд теңгенің өнімін өндірді, бұл – 19,8% өсім. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Дастан Рыспеков хабарлады.
2028 жылға дейін Ұлытау облысында 25 инвестициялық жоба пулы қалыптасады
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлытау облысының ЖӨӨ көлемі 1 трлн теңгеге жетіп, 1,1% өсім көрсетті. Жан басына шаққандағы көрсеткіш – 4,6 млн теңге. 10 айда көлік және қоймалау, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, инвестициялар, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында оң динамика байқалады. Тек өнеркәсіп саласында ғана көрсеткіштер төмендеген. Экономикалық белсенділіктің артуы нәтижесінде облыс бюджетінің кірістері 29,7 млрд теңгеге, яғни 20%-ға ұлғайып, 178 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Ақтөбе облысының ауылында қайтарылған активтер қаражатына медициналық пункт салынды
Үкіметтің басым міндеттерінің бірі – халықты сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету. Осы бағытты жүзеге асыру және Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында жаңа медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.