Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Кооперативтер мен жаңа өндіріс орындары: «Ауыл аманаты» бағдарламасының нәтижесі 2 желтоқсан 2025

Кооперативтер мен жаңа өндіріс орындары: «Ауыл аманаты» бағдарламасының нәтижесі

Ақтөбе облысында 2022 жылы қараша айында басталған «Ауыл аманаты» жобасы ауылды дамытудың тиімді құралдарының біріне айналды. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап жергілікті кәсіпкерлікті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл тұрғындарының табысын арттырды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Ақмола облысы астықтың жалпы жиналымы бойынша елімізде көшбасшылар қатарына шықты 2 желтоқсан 2025

Ақмола облысы астықтың жалпы жиналымы бойынша елімізде көшбасшылар қатарына шықты

Биылғы орақ науқаны соңғы жылдардағы ең нәтижелі науқандардың бірі болып, Ақмола облысын астықтың жалпы жиналымы бойынша еліміздің көшбасшылары қатарына шығарды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ЖІӨ құрылымындағы өңдеу секторының үлесі 13%-ды құрайды 2 желтоқсан 2025

ЖІӨ құрылымындағы өңдеу секторының үлесі 13%-ды құрайды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Онда өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады 2 желтоқсан 2025

Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру және терең өңдеу бойынша инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады 1 желтоқсан 2025

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды.

Келесі жылы Жамбыл облысының 90%-ы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылмақ 1 желтоқсан 2025

Келесі жылы Жамбыл облысының 90%-ы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылмақ

Жамбыл облысында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 148 елді мекенде интернет сапасы 4G деңгейіне жеткізілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 12 антенналық-діңгекті құрылғылардың құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тараз қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды 1 желтоқсан 2025

Тараз қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол академиясының құрылысы басталды

Жамбыл өңірінде 3,1 млрд теңгеге 21 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. 3 спорт кешені мен 90 спорт алаңдары пайдалануға берілді. Нәтижесінде, халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 70,8%-ға, ал дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халық үлесі 41,9%-ға дейін жетті. Бұл жайында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Жамбыл облысында білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жетістік көп 1 желтоқсан 2025

Жамбыл облысында білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жетістік көп

Жамбыл облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 25 млрд теңгеге 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері 7 мектеп пайдалануға берілді, оның төртеуі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынды. Жыл соңына дейін тағы 7 нысан құрылысы аяқталады. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

Тараз қаласында автокөлік және тұрғындардың қозғалысы мәселесі шешілуде 1 желтоқсан 2025

Тараз қаласында автокөлік және тұрғындардың қозғалысы мәселесі шешілуде

Тараз қаласында Абай даңғылының бойында теміржол арқылы өтетін автомобиль қозғалысына арналған жол өткелі болатын көпір құрылысы жалғасуда. Жобаны іске асыру Тараз қаласының тұрғындары үшін көлік логистикасын едәуір жақсартуға, автокөлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және тұрғындар үшін көлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жайлы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Жамбыл облысының әкімі аймақта іске асып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды таныстырды 1 желтоқсан 2025

Жамбыл облысының әкімі аймақта іске асып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды таныстырды

Жамбыл облысында көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарлануда. «Әулие ата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылды. Аймақтағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету де маңызды мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың соңына дейін 13,9 млрд теңгеге 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Жамбыл облысында дақылдардың егістік алқабы 640 мың гектарға жетті 1 желтоқсан 2025

Жамбыл облысында дақылдардың егістік алқабы 640 мың гектарға жетті

Жамбыл өңірі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 458,5 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 640 мың гектарға жетті. Өңірде 3,3 млн тонна өнім жиналды, оның ішінде 283 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 31,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,3 млн тонна көкөніс дақылдары, 207 мың тонна картоп, 389 мың тонна бақша дақылдары жиналды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Жамбыл өңірі инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша республикада 3-орында тұр 1 желтоқсан 2025

Жамбыл өңірі инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша республикада 3-орында тұр

Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны республика бойынша 3-орында, ал өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша 5-орында. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің шамамен 63%-ы өңдеу секторына тиесілі, ондағы кәсіпорындармен республика бойынша 100% натрий триполифосфаты, натрий цианиді өндіріледі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.