Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Олжас Бектенов Roca Group компаниясының басшысы Сантьяго де Гомар Рокамен Қызылорда облысындағы зауыт құрылысын талқылады 12 маусым 2025

Олжас Бектенов Roca Group компаниясының басшысы Сантьяго де Гомар Рокамен Қызылорда облысындағы зауыт құрылысын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізді. Онда Қызылорда облысында сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері мен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жетісу облысында екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді 12 маусым 2025

Жетісу облысында екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде екі жаңа медициналық мекеме – дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Қарағанды облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды 11 маусым 2025

Қарағанды облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды

Бұқар жырау ауданының Сарыарқа және Құрылыс ауылдарында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Бұл пункттер медициналық көмектің сапасын жақсартуға сеп болады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді 11 маусым 2025

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысында екі денсаулық сақтау мекемесі – Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория және Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынған. Осы мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Аралық қорытындылар: негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды 9 маусым 2025

Аралық қорытындылар: негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды

2025 жылдың 16 мамырында басталған негізгі ҰБТ басталғаннан бері 164 мыңнан астам тестілеу өткізілді. Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 136 адам ағылшын тілінде тапсырды. Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 65-ті құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл – Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібек бірінші аптада көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде жалғасуда 9 маусым 2025

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде жалғасуда

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Акцияға облыс тұрғындары, барлық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік, туристік мекемелер, ірі сауда орындары мен мейрамхана иелері атсалысуда, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Павлодар облысында 700-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген 9 маусым 2025

Павлодар облысында 700-ден астам нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Павлодар облысында 743 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді 9 маусым 2025

Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді

10-11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді.

«Қазсушар» филиалдары 627 шақырым ирригациялық каналды механикалық әдіспен тазалады 4 маусым 2025

«Қазсушар» филиалдары 627 шақырым ирригациялық каналды механикалық әдіспен тазалады

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша оңтүстік өңірлердегі су қоймаларында 26 млрд текше метр су жиналды. Ал, 2 маусымдағы жағдай бойынша Алматы және Жетісу облыстарындағы ірі су қоймаларына 18,8 млрд текше метр су жиналды. Бұл –жобалық сыйымдылықтың 85%-ы. Суару маусымының алдында Жамбыл облысында Киров су қоймасын қоса алғанда, 1 млрд 245 млн текше метр су немесе 82% су жиналды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Алмас Мұсабеков ОКҚ брифингінде хабарлады.

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті 4 маусым 2025

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті

Қазақстанға жаңа керқұландар тобы әкелінді. Бұл - «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ақтөбеде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен балабақша құрылысы қарқынды жүріп жатыр 3 маусым 2025

Ақтөбеде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен балабақша құрылысы қарқынды жүріп жатыр

300 орындық балабақша ерекше балаларға арналған. Құрылысы 2026 жыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Аталған жоба ерекше балалардың қолайлы ортада дамуы мен тәрбиеленуіне жағдай жасап, инклюзивті білім беру саласына серпін береді, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Қостанай облысында су құбыры желілерін салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді 3 маусым 2025

Қостанай облысында су құбыры желілерін салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.