Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
БҚО-да ТКШ және жолдарды жөндеу мәселелері шешімін табуда 12 қараша 2024

БҚО-да ТКШ және жолдарды жөндеу мәселелері шешімін табуда

БҚО-да коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін маңызды коммуналдық объектілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары аяқталды. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, жаңа электр қосалқы станциялары пайдалануға берілді. №3 кәріз-сорғы станциясы және №5 жылу магистралі жаңартылды, олар 60-70-ші жылдардан бері  жөндеу көрмеген болатын.

БҚО-да шағын және орта бизнесті дамытуға 22 млрд теңге бөлінді 12 қараша 2024

БҚО-да шағын және орта бизнесті дамытуға 22 млрд теңге бөлінді

БҚО-да шағын және орта бизнесті дамыту бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Өңірде 58 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілерінде 130 мың адам жұмыс істейді. Жыл ішінде осы салада 1,2 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Биыл шағын және орта бизнесті дамытуға 22 млрд теңге бөлініп, 3 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілуде. Бұл жайлы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ брифингінде айтты.

БҚО-ның экономикасына 437 млрд теңге инвестиция тартылды 12 қараша 2024

БҚО-ның экономикасына 437 млрд теңге инвестиция тартылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауларында өңірлерге инвестиция тарту мәселесіне айрықша мән береді. Биылғы 9 айда БҚО-ның негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 437 млрд теңгені құрады. Соның ішінде жеке инвестициялардың үлесі 342 млрд теңге. Тартылған инвестициялардың нәтижесінде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Өнеркәсіп саласында биыл 2,6 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында хабарлады.

СҚО-да алғашқы «жайлы мектеп» ашылды 11 қараша 2024

СҚО-да алғашқы «жайлы мектеп» ашылды

Петропавлдағы «Орман» шағын ауданында  600 орындық жайлы мектеп ашылды. Бұл Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде ашылған алғашқы заманауи мектеп, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Маңғыстау ауданында «Ауыл аманаты» жобасы тиімді жүзеге асырылуда 8 қараша 2024

Маңғыстау ауданында «Ауыл аманаты» жобасы тиімді жүзеге асырылуда

Биыл «Ауыл аманаты» жобасы мал шаруашылығы мен өзге бизнес түрлерін дамытуға басымдық берді. Мал шаруашылығына 24 жоба қаржыландырылып, өзге бизнес түрлеріне 30 жобаға қолдау көрсетілуде. Бұл жобалар іске асқанда аудан бойынша жұмыссыздықты төмендетіп, қосымша 50 жұмыс орнын ашуға ықпал етпек, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.

Инклюзивті креативті индустрия: Қазақстанда алғашқы келісімге қол қойылды 6 қараша 2024

Инклюзивті креативті индустрия: Қазақстанда алғашқы келісімге қол қойылды

Солтүстік Қазақстан облысында инклюзивті креативті индустрияны дамыту туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастыққа Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Sensitive есту қабілеті төмен бишілер театры және Ресейдің Inclusive Dance қайырымдылық қоры қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Е. Бөлекпаев: Қарағанды облысын елдің жұмысшы мамандықтар даярлау орталығына айналдыруды жоспарлап отырмыз 6 қараша 2024

Е. Бөлекпаев: Қарағанды облысын елдің жұмысшы мамандықтар даярлау орталығына айналдыруды жоспарлап отырмыз

Қарағанды облысында әлеуметтік блокқа ерекше көңіл бөлінеді. Ауылдағы сапалы медициналық көмекті қолдауға басымдық беріледі. Президент қызмет көрсету сапасы мен пациентке бағдарлануға баса назар аудара отырып, денсаулық сақтау жүйесін қайта құру міндетін қойды.

Саран тұрғындарының үйлеріне жылу орталық және резервтік жергілікті қазандықтардан беріледі - Е. Бөлекпаев 6 қараша 2024

Саран тұрғындарының үйлеріне жылу орталық және резервтік жергілікті қазандықтардан беріледі - Е. Бөлекпаев

Қарағанды өңірінде облыс орталығы, Балқаш, Теміртау, Шахтинскіде 17 шақырым магистральдық жылу желілерін салуды қоса алғанда, 31 млрд теңге сомасына жылумен жабдықтау бойынша 14 жоба іске асырылуда, онда қала халқының 70% - ы тұрады. Бұл шаралар жылумен жабдықтауды жақсартуға және желілердің тозуын 64% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев өз баяндамасында айтты.

Қарағанды облысында жеке кәсіпкерлер саны 16 есеге өсті 6 қараша 2024

Қарағанды облысында жеке кәсіпкерлер саны 16 есеге өсті

Қарағанды облысының экономикасындағы негізгі бағыттардың бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау. Орталық коммуникациялар қызметінде өңір басшысы атап өткендей, өңір көмір және болат қана өндіреді деген тұрақты стереотип қалыптасқан. Бірақ соңғы 10 жылда экономика құрылымы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бүгінде Қарағанды - ірі орталық, сауда мен қызметтердің үлесі жоғары агломерацияның өзегі, мұнда әрбір екінші жұмыс істейтін тұрғын ШОБ саласында жұмыс істейді.

Қарағанды облысының шаруалары рекордты көлемде астық жинады 6 қараша 2024

Қарағанды облысының шаруалары рекордты көлемде астық жинады

Қарағанды өңірінде ауыр индустриямен қатар аграрлық сектор да белсенді дамып келеді. Саладағы өндіріс көлемі бойынша өңір республикада 7-ші орында. Жергілікті өндірушілер тек облыстың ғана емес, Астананың да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қарағанды облысында өнеркәсіптік өндіріс 2024 жылдың 9 айында 2,8 трлн теңгеге жетті 6 қараша 2024

Қарағанды облысында өнеркәсіптік өндіріс 2024 жылдың 9 айында 2,8 трлн теңгеге жетті

Қарағанды облысының ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы ОКҚ алаңында өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев баяндады. Ол оң экономикалық өзгерістерді, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің белсенді дамуын атап өтті.

Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды 5 қараша 2024

Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды іске асырылуда. Ұлттық жоба аясында Қостанай облысының Заречный кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында тағы екі білім беру ұйымы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.