Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

11.03.2025

Жарияланымдар · 16

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және осы бағыттағы заңнамалық бастамалар

АҢДАТПА!

16:57Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жүргізді

16:35Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді.

16:28Жаңалықтар

Қазақстан канадалық компаниямен дау бойынша сотта жеңіске жетті

2025 жылдың 28 ақпанында «World Wide Minerals» канадалық уран компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы талап қоюы бойынша 2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан дау нәтижесінде Лондонның Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы үшін оң шешім шығарды, ол бойынша Республика талапкерлерге шамамен 65 млн АҚШ долларын төлеуге тиіс болатын 2024 жылы қабылданған шешімнің күші жойылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

15:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Елімізде сот сараптамасы кезінде виртуалды аутопсия қолданылмақ

Сот сараптамасы саласындағы технологияның дамуы жағдайында виртуалды аутопсияны қолдану мүмкіндігі пайда болады. ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ алаңында осылай деді.

15:30Жаңалықтар

Заңсыз айналымнан 400 мыңға жуық контрафактілік өнім алынды

Зияткерлік меншік құқығын қорғау мақсатында аумақтық әділет органдары өткен жылдың қорытындысы бойынша 338 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 297 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

15:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Мемлекеттік өнеркәсіптік меншіктің тізілімінде 37 мыңға жуық өнертабыс тіркелген

Қазақстандық ғылымның белсенді дамуы елдің технологиялық прогресіне ықпал етеді. Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншігінің мемлекеттік тізілімінде 37 190 өнертабыс және 10 198 пайдалы модель тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

15:10Жаңалықтар

Әділет министрлігі кәсіпкерлерді географиялық көрсеткіштерді пайдалануға шақырды

Әділет министрлігінде қазақстандық кәсіпкерлердің 100-ден астам географиялық көрсеткіштері тіркелді.ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ алаңында осыған бірнеше мысал келтірді.

15:00Жаңалықтар

Әділет министрлігі цифрландыру жобаларында жасанды интеллектіні белсенді пайдаланып жатыр

Әділет министрлігінің «Digital Justice» жобалар портфелі аясында негізгі қызметті цифрландыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Олар азаматтардың уақыты мен қаржылық шығындарын үнемдей отырып, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, ZanKomegi мобильдік қосымшасы негізінде азаматтарға құқықтық кеңес берумен қамтамасыз ететін жасанды интеллектісі бар чат-бот әзірленді. Қазіргі уақытта ол сынақтан өткізіліп, қосымша жетілдіруден өтуде. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ брифингінде айтты.

14:50Жаңалықтар

Былтыр алимент төлемеген 4,5 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу – Әділет министрлігі тұрақты бақылауда ұстап отырған әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі. Қазіргі таңда өндірісте 283 мың атқарушылық іс бар. Оның ішінде борышкер ер адамдар саны – 272 мың болса, әйелдер саны 11 мыңнан асады. Ондағы 16 352 іс бойынша берешек 16 млрд теңгені құрайды. Көп жағдайда борышкерлердің алименті ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтериясы арқылы өндіріледі. Сондықтан борышкерлерді жұмысқа орналастыру белсенді түрде жүргізілуде. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды.

13:01Мемлекет басшысының қызметі

Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бастамалар

АҢДАТПА!

12:20Баспасөз хабарламалары

Елімізде жастардың ғылымдағы үлесі 46%-ға жетті. Олжас Бектенов жас мамандарды ғылымға тарту үшін университеттердегі ғылыми зерттеулерді белсенді дамытуды тапсырды

Ғылымды дамыту және цифрландыру мәселелері қаралған Үкімет отырысында аталған саланы дамыту жөніндегі дәйекті жұмыстың нәтижелері атап өтілді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

11:31Жаңалықтар

Су тасқынына дайындық:  ел аумағының 71%-ында қар жатыр

Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын хабарлады. Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

10:54Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

Үшінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21-наурызы мен 2025 жылдың 31-наурызын қоса алғанда он бір күнге  жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

10:26Жаңалықтар

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 7,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

10:12Жаңалықтар