Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

12.03.2025

Жарияланымдар · 16

Қазақстан мен Финляндия президенттері телефон арқылы сөйлесті

Фин тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті Александр Стубб телефон арқылы сөйлесті.

18:31Мемлекет басшысының қызметі

Қарағанды облысында онкологиялық қызмет жаңа жабдықтармен толықтырылды

Қарағанды облысында онкологиялық көмекті жақсарту жалғасуда. № 3 көпбейінді ауруханада (облыстық онкодиспансер) «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен сәулелік терапияның заманауи орталығы жабдықталды. Ол ең жаңа аппараттармен жабдықталған – желілік жылдамдатқыш және ісіктерді егжей-тегжейлі визуализациялауға мүмкіндік беретін компьютерлік томограф, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

17:39Жаңалықтар

«Достық - Мойынты» теміржол жобасын осы жылдың ортасында толық аяқтау жоспарланған

Қазақстанда наурыз айының соңына дейін «Достық - Бескөл» станциялары арасындағы екінші жолдарда қозғалыс ашылады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

17:33Жаңалықтар

Жыл басынан бері 97 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 97 мың қазақстандық қатысты. 101,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 30,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

17:24Жаңалықтар

Полицейлер жыл басынан бері 2 тоннаға жуық есірткі затын тәркілеген

Ағымдағы жылдың екі айында ішкі істер органдары 1,5 мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның 600-ден астамы – қылмыстық құқық бұзушылықтар. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Лауазымды тұлғалар есірткі қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазақстанда Қылмыстық кодекске есірткі құралдарымен байланысты қылмыс жасағандар үшін жазаны қатаңдатудың жаңа шаралары енгізіліп жатыр. Мысалы, жаңа 297-бап енгізіледі, онда ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында есірткі қылмысын жасаған адамдарға, білім беру ұйымдарында есірткіні сатқан кәмелетке толмағандарға қатысты жазаны қатаңдату  көзделеді. Сонымен қатар өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, есірткі қылмысын жасаған лауазымды тұлғалар үшін жауапкершілік күшейтіледі. Енді қылмыстың осы түрлері үшін 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.  Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ІІМ өкілдері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар – заңнамалық бастамалар туралы айтты

2024 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға қатысты бірқатар заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Қабылданған түзетулер қылмыстық жауапкершілік жүйесін жақсартуға және қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай жазаларды саралауға бағытталған. ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов ОКҚ алаңында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ осы саладағы заңнамалық бастамалар туралы толығырақ айтып берді.

14:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Балалар қауіпсіздігі мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді - Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ата-ана міндеттерін тиісінше орындамауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар санының артуы байқалады. Соңғы бес жылда 3,5 есе артты – 2020 жылғы 5 мың жағдайдан 2024 жылы 19 мың жағдайға дейін. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың түнде ересектердің қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерде болуына байланысты құқық бұзушылықтар саны 2 есе өсті – 2020 жылы 65 мыңнан 2024 жылы 112 мыңға дейін. Бұл көрсеткіштер жайлы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихаты кезінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

12:10Жаңалықтар

Балалардың цифрлық қауіпсіздігі қолға алынды

Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарын қорғауда халықаралық стандарттарды ұстанады. 2023 жылғы желтоқсанда Хабарлар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттама ратификацияланды. Ағымдағы жылдың қаңтарында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер елдегі адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын нығайту, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қазақстандық реформаларға жоғары баға берді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша балалар суициді 14%-ға төмендеді. 2023 жылғы Балалардың әл-ауқат индексін талдау оң динамиканы көрсетті. Бұл балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижелілігін көрсетеді. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында осылай деді.

12:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстандық оқушылар QR-кодтар арқылы жасырын түрде қолдау сұрай алады

2023 жылы Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар қабылданды. Барлық өңірде балалар мен ата-аналарға кәсіби көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін Психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Өткен жылы 250 мыңға жуық адам көмек алды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан хабарлады.

11:50Жаңалықтар

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті заңнамалық өзгерістер енгізілді

Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда. 2024 жылы заңнаманы жетілдіру мақсатында балалардың құқықтарын қорғау саласында 6 негізгі заң қабылданды.  ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ брифингінде жаңадан қабылданған құжаттардың негізгі тетіктері жайында айтты.

11:40ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Үкіметте экономиканы дамыту жөнінде кеңес өтті: қаңтар-ақпан айларындағы ЖІӨ өсімі 5,4%-ды құрады

Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок министрліктері басшылығымен Мемлекет басшысының ел экономикасының тұрақты өсуі мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биылғы қаңтар-ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:17Жаңалықтар

2024 жылы 33 мыңнан астам адам жастар практикасы арқылы жұмысқа орналасты

2024 жылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының бірі – «Жастар практикасын» жүзеге асыру аясында 33,3 мың адам жұмысқа орналастырылды. Алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектері жастар практикасына қатыса алады. Жастар практикасына қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:38Жаңалықтар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы рөлі

АҢДАТПА!

09:30Баспасөз хабарламалары

Активтерді қайтару: Астанадағы жаңа стадион құрылысына 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жобаларын жүзеге асыруда. Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:08Жаңалықтар

Президент Дариға Тілендиеваның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

08:47Жаңалықтар