Күн жаңалықтары
14.05.2025
Жарияланымдар · 11
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады
Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» тобының 2024 жылы таза табысы 39 пайызға, операциялық табысы 9 пайызға өскені туралы мәлімет берілді.
Қазақстан мен Гарвард қазақстандық сирек кітаптар мен қолжазбаларды цифрландыру жобасын бастайды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді. Маңызды нәтижелердің бірі – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Гарвард университетіне қарасты Дэвис атындағы ресейлік және еуразиялық зерттеулер орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2025 жылғы қаңтар–сәуір айларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қорытындыларын шығарды. Елдің ірі мұнай өңдеу зауыттарында 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6,092 млн тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында заманауи сүт-тауар фермасы ашылды
Қарағанды облысы Нұра ауданы Көбетей ауылында 1100 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылды. Нысан еуропалық стандарттар бойынша жабдықталған және өңірдегі ең ірі нысандардың біріне айналады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Армения Парламенті Спикерінің сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызға ие екенін айтты. Президент өзара ықпалдастықты ілгерілетуге заң шығарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет деп санайды.
Қазақстан шегірткенің таралуының алдын алу үшін көрші елдермен ынтымақтастық орнатты
Қазақстан шегірткемен күрес аясында Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанмен ынтымақтастық орнатқан. Қазіргі кезде барлық аталған елдермен тиісті келіссөздер жүргізілді. Оның басты мақсаты – бірлескен болжам жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көрші елден шегіртке тектес зиянкестердің Қазақстан аумағына кірмеуін қамтамасыз ету. Бұл туралы КҚ алаңында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады.
Зиянкестердің таралу алаңдарын зерттеу үшін дрондар мен жасанды интеллект технологиялары пайдаланылады
2025 жылы Қазақстанда 2,1 млн гектар алаңда үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы болжануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті.
Жер қойнауын пайдаланудың цифрлық трансформациясы: Минералдық ресурстардың Бірыңғай платформасының іске қосылуы
Қазақстанның Минералдық ресурстардың Бірыңғай платформасын minerals.e-qazyna.kz ресми түрде іске қосуы – елдің тұрақты болашағына жасалған маңызды қадам. Бұл инновациялық цифрлық платформа мемлекеттік қызметтердің цифрландыру стратегиясының, Мемлекет басшысы ұсынған бастаманың бір бөлігі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудағы ашықтықты, тиімділікті және инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Атқарушылық құжаттарды орындау нәтижелері туралы
АҢДАТПА!
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 66 кәсіпорны 1,7 мыңнан астам жұмыскерге 672 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 2,3 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.