Күн жаңалықтары
15.05.2025
Жарияланымдар · 11
2025 жылғы I тоқсанда Қостанай облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша оң серпін көрсетуде
Халық саны көбейіп келеді, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы жалғасуда, шағын және орта бизнес жанданды. Өңірге инвестициялар өсуде, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы жағдайларды жақсарту жөнінде шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Астанада алғаш рет Қазақстан-Қытай көлік форумы өтіп жатыр
Шараға екі елдің бизнес-қауымдастығы мен көлік-логистикалық компанияларының 300-ден астам өкілі қатысып жатыр. Форум аясында B2B және G2B кездесулер өтеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік он экспорттаушысының қатарына енді
Қазақстан майлы өнімдердің әлемдік нарығында өз позициясын нығайтуда. Соңғы үш жылда елімізде күнбағыс майының өндірісі 2,5 есе, экспорт 4,8 есе өсті, ал оралған майдың импорты 11%-ға қысқарды. Қазақстан алғаш рет 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8-ші орынға тұрақтап, әлемдегі ең ірі 10 күнбағыс майын экспорттаушылардың қатарына енді. Сондай-ақ, Еуропалық Одаққа күнбағыс өнімін жетекші жеткізушілердің үштігіне кірді. Бұл ондаған елдерде сұранысқа ие мал шаруашылығының негізгі өнімі, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Премьер-министр Қостанай облысында көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылуын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол желісін дамыту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру, энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды
Бүгіннен бастап жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер беруге болады. Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
2024-2025 оқу жылының қорытындылары: негізгі жетістіктер мен нәтижелер
АҢДАТПА!
Үкіметте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, буллингтің алдын алу және балалардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Әділет министрлігі сот орындаушысының іс-әрекеттерін бағалайтын жүйені іске қосады
ҚР Әділет министрлігі Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Цифрлық көмекші» форматты-логикалық бақылау ақпараттық жүйеде қабылданған шараларды толық бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Міндетті атқару комитетінің төрағасы Махсат Балабеков хабарлады.
Жыл басынан бері бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы 1,3 мыңнан астам борышкер жұмыспен қамтылды
Атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. 2025 жылғы 1 тоқсанда сот орындаушыларының орындауында шамамен 11,3 трлн теңгені құрайтын 5,9 млн құжат болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Әділет министрлігі Міндетті атқару комитетінің төрағасы Махсат Балабеков хабарлады.
Степногорск қаласында жаңа мектеп пен спорт сарайы салынады: 22 млрд теңгеге меморандумға қол қойылды
Степногорск қаласында 1000 орындық жалпы білім беретін мектеп пен көпфункционалды спорт кешені бой көтермек. Қала әкімдігі мен «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы арасында осы әлеуметтік маңызы зор екі нысанды салу жөніндегі меморандум жасалды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
Жыл сайын 15 мамыр күні бүкіл әлемде Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі
Бұл күн БҰҰ бастамасымен отбасына қатысты мәселелер мен процестерге қоғам назарын аудару мақсатында бекітілген.