Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

10.12.2025

Жарияланымдар · 18

Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады: тиісті келісімге қол қойылды

Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Өскемен арматура зауыты» АҚ («ӨАЗ» АҚ) мен «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ («КҚК-Қ» АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:44Аймақтар жаңалықтары

Президент Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды

16:31Мемлекет басшысының қызметі

Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

15:38Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech «электрондық үкіметі» ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі.

15:23Жаңалықтар

Пирамидалық аудит Қазақстанда алғаш рет апробациядан өтті

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік аудит процестерін цифрландыруды жалғастыруда. Негізгі жобалардың бірі – мемлекеттік органдардың қаржылық есептілігін камералдық форматқа көшіруге мүмкіндік беретін Бухгалтерлік операциялардың бірыңғай деректер қоймасын құру. Бухгалтерлік операцияларға қашықтан қол жеткізу арқылы қаржылық есептілік қалыптаспай тұрып, 1 млрд теңгеден астам сомаға жол берілмек болған бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік туды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ҚР Қаржы министрлігі аудитті қашықтан жүргізуді дамытып жатыр

Қашықтан жүргізілетін аудит мүмкіндіктерін кеңінен қолдану үшін биыл мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне қолжетімділік кеңейтілді. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы, e-Saqtandyru, Ұлттық білім беру деректер қоры және Smart Data Ukimet сияқты ақпараттық жүйелердің ведомствоаралық интеграциясы бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл шаралар бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылаудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Электрондық аудит 184 млрд теңге көлеміндегі тәуекел төлемдерді анықтады

Қазақстанда электрондық аудит 2021 жылы енгізілді және оның жоғары тиімділігі мен қабылданатын шаралардың жеделдігін ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудағы маңызды рөлін көрсетті. Бұл туралы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Мектепке дейінгі білім беруді дамыту туралы

АҢДАТПА!

14:27Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның биыл атқарған жұмысының алдын ала нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары таныстырылды. Компания қызметінде оң динамика байқалады. Екі жылда болат өндірісі 22 пайызға, көмір концентраты 26 пайызға, темір кені 32 пайызға артты. Өнімнің өзіндік құны 28 пайызға арзандап, шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін ұлғайды.

13:00Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстанда аквамәдениетті дамытуға ерекше назар аударылады

2021 жылдан бері балық шаруашылығы саласындағы субсидия көлемі 7 есе артып, 2025 жылы 3,5 млрд теңгеге жетті. Балық өсіру шаруашылықтарының саны 4 есеге артып, 650-ге жетті. Өндірілетін өнім көлемі бойынша алдыңғы қатардағы өңірлер: Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары. 2025 жылдың 10 айында шамамен 12,2 мың тонна балық өсірілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов хабарлады.

12:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Атырау бекіре зауытының қуаты жылына 7,5 млн шабаққа дейін ұлғаяды

Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында 2024 жылдың қазан айында аумағы 108,6 мың га болатын «Каспий итбалығы» табиғи резерваты құрылды. Қазір оның аумағын кеңейту және материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Каспий теңізіндегі сирек кездесетін бекіре тұқымдастардың қорын толықтыру үшін Жаңаталап және Еркінқала учаскелерінде орналасқан Атырау бекіре өсіру зауыты жаңғыртылуда. Бұл шара зауыттың өндірістік қуатын арттырып, шабақ өндіру көлемін жылына 5 млн-нан 7,5 млн данаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.

12:00Жаңалықтар

Жыл сайынғы балық қорғау акцияларының нәтижелері жарияланды

Балық шаруашылығы комитеті құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Заңды бұзған тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ағымдағы жылдың 11 айында 5 036 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 98 млн теңгеден астам айыппұл салынды, 49 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Биыл елімізде 12 мың тоннадан астам балық өсірілді

Балық шаруашылығы – экономикалық өсудің жоғары әлеуеті ретінде агроөнеркәсіптің маңызды салаларының бірі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2021–2030 жылдарға арналған Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі индикаторлары: 2030 жылға қарай балық өсіру көлемін жылына 7 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін арттыру; ішкі тұтынуды жылына 67 мың тоннадан 134 мың тоннаға дейін ұлғайту; балық ресурстарының табиғи популяциясын 7%-ға арттыру. Бұл жайлы ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

11:40Жаңалықтар

Қазақстандағы ішкі мемлекеттік аудиттің жаңғыруы: бастауынан озық технологияларға дейін

АҢДАТПА!

10:47Баспасөз хабарламалары

Үкімет Президенттің тапсырмалары шеңберінде отандық бизнесті қолдауды кеңейтуде

Президенттің отандық тауар өндірушілерді (ОТӨ) қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау Үкіметтің басым бағыты болып қала береді. Осы жұмыстар шеңберінде басым тәртіппен сатып алу тізбесін кеңейту жөнінде шаралар қабылдануда және қазақстандық өнімге сұранысты ынталандырудың жаңа тетіктері енгізілуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:34Президенттің тапсырмалары

WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты аяқталды: үздік қатысушылар марапатталды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионаты өз мәресіне жетті. Шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің үздік студенттері мен жас мамандары марапатталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

10:25Жаңалықтар

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

АҢДАТПА!

10:11Баспасөз хабарламалары

Өнеркәсіпте индустриялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі – экономиканы әртараптандыру және қайта өңдеуді дамыту. Негізгі мақсат – тек шикізат экспортына бағдарланудан аулақ болып, қосымша құнды, тұрақты жұмыс орындарын, тұрақты экспорттық әлеуетті қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құру, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:17Президенттің тапсырмалары