Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

11.12.2025

Жарияланымдар · 13

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын айтулы дата – Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады.

23:36Жаңалықтар

Президент Ашхабад қаласына барды

22:51Мемлекет басшысының қызметі

Мемлекет басшысы Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-иран қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Президент Масуд Пезешкианға алғыс айтты.

17:49Жаңалықтар

Қызылорда облысында 8 жаңа дәрігерлік амбулатория салынды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Қызылорда облысында 8 жаңа дәрігерлік амбулатория салынды. Атап айтқанда, Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының жанындағы Бала би, Досбол би, Қарғалы, Ортақшыл, Алмалы, Тәжібаев, Тартоғай және Бестам елді мекендерінде бұрын жұмыс істеп тұрған дәрігерлік амбулаториялар тозған және апатты деп танылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

16:38Аймақтар жаңалықтары

Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының (KIND) президенті және бас директоры Ким Пок-хванмен кездесу өткізді. Бүгін Астанада өткен кездесу қазан айында Сеулде «Alatau Rise with Kazakhstan» роуд-шоуы аясында өткен келіссөздердің жалғасы болды. Іс-шарада қазақстандық тарап Алатау смарт-қаласын елдің стратегиялық маңызды жобаларының бірі ретінде таныстырды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:29Жаңалықтар

Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды.

16:08Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасын халықаралық деңгейде беделі зор мемлекет әрі еліміздің Орта Шығыстағы сенімді серіктесі ретінде атады.

15:30Мемлекет басшысының қызметі

Ел балабақшалары жанынан 6 мыңға жуық кеңес беру пунктілері жұмыс жасай бастады

Елімізде балаларды ерте жастан дамыту, сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында бірқатар бағдарлама мен жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілді тереңдетіп үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» жобасы өткен жылы 5 өңірде –Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО облыстары мен Астана қаласының 135 балабақшада сынақтан өтіп, биылдан бастап жаппай енгізілуде. Бұл жайлы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда Ұлттық тауарлар каталогын енгізу

АҢДАТПА!

15:00Баспасөз хабарламалары

Қазақстанда 41 мыңға жуық педагогке біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысына 30-50% аралығында қосымша үстемеақы төленеді

Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 103 мың педагог қызмет етеді. 2019 жылдан бастап балабақшаларда жұмыс жасайтын педагогтердің жалақысы 130%-ға артты. Сондай-ақ 41 мыңға жуық педагогке біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысына 30-50% аралығында қосымша үстемеақы төленеді. Соңғы үш жылда жаңа аттестаттау жүйесі бойынша біліктілік санаты бар педагогтер үлесі 43%-дан 47%-ға өсті. Бұл жайында ҚРоқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ алаңында айтты.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Ваучерлік қаржыландырудың арқасында балабақша кезегі 44%-ға қысқарды

Соңғы 5 жылда еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың саны 10 650-ден 12 мыңға жуықтады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерде балабақшаларды іске қосу жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар іске асырылуда. 2023 жылдан бері 180 мыңға жуық жаңа орын ашылды. Бұл ұйымдарда 1 миллионнан астам бала тәрбиеленуде. Кезектегі 2-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту деңгейі 95,9%-ға жетті. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Қазақстан мен Иран президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Иран президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Каспий аймағындағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде Иранмен ықпалдастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

13:39Жаңалықтар

Enbek.kz-ке қараша айында орналастырылған бос жұмыс орындарының 73%-ы – білікті мамандарға арналды

2025 жылдың қараша айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында 101,1 мың вакансия жарияланды, олардың 73%-ы біліктілікті талап ететін лауазымдар болды. Алдыңғы аймен салыстырғанда жалпы вакансиялар саны 23%-ға, оның ішінде білікті мамандарға арналған вакансиялар 26%-ға азайды. Өз кезегінде үміткерлер 101,3 мың түйіндеме орналастырды, бұл қазан айымен салыстырғанда 11%-ға төмен, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:11Жаңалықтар