Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

12.12.2025

Жарияланымдар · 14

«Қазығұрт» және «Темір баба» жаңа жоғары технологиялық өткізу пункттері ашылды

Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түрікменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» пункттері. Аталған нысандардың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:17Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен кездесу өткізді

Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті.

16:07Жаңалықтар

«Қорғас» ШЫХО-ға келушілер саны екі есе өсіп, тәулігіне 5 мың адамға жетті

«Қорғас» АЭА аумағында 32 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Қазір тағы 32 жоба жүзеге асып жатыр. Олардың ішінде ENVISION жел қондырғылары мен энергия сақтау жүйелері зауыты, MacCoffee кофелік және шайлық сусындар зауыты, «SkyHansa» халықаралық әуежайы сынды ірі жобалар бар. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

15:30ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Жетісу облысында апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп жоқ

2023-2025 жылдары Жетісуда 1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 13 498 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 6 689 пәтер берілді. Үш жыл ішінде жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңартудың деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрап, 276 нысан жаңартылды. Білім беру саласында 19 жаңа нысан салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарды. Облыста апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп жоқ. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді.

15:20Жаңалықтар

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

Жетісу өңірінде туризм саласы ерекше назарда. Облыс құрылған сәттен бастап бұл салаға мемлекеттік бюджеттен 53 млрд теңге бөлінді. 64 жаңа нысан пайдалануға берілді. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын күтіп ұстау үшін екі коммуналдық мекеме ашылды. Жыл сайын өңірге 2 миллионнан астам турист келеді. Олардың келіп-кетуіне және демалуына қолайлы жағдай жасау – басты міндет. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

15:10Жаңалықтар

Жетісу облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады

Жетісу облысы жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 5%-ға арттыруды жоспарлап отыр. Соңғы екі жылда өңірде 27 жаңа өндіріс іске қосылып, 7 кәсіпорын кеңейтілді. Барлығы 1 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

15:00Жаңалықтар

Жетісу өңірінде республикалық маңызы бар автожолдар толық жөндеуден өтті

2024 жылы республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал» және «Үшарал-Достық» жолдары толық жаңартылды. «Сарыөзек-Қорғас» бағытындағы жол биыл толық жөндеуден өтті. Нәтижесінде облыстағы республикалық маңызы бар жолдар 100% жөнделді. Облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға жетті. Бұл жайлы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

14:50Жаңалықтар

Биыл Жетісу облысының экономикасына 400 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды

Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі бойынша республикада көш бастады, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 2,2 трлн теңгеге жетіп, 14,8%-ға ұлғайды. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 3,2 млн теңгені құрады. Биылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн теңге жетпек. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2023-2024 жылдары 894 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестициялардың үлесі 71%-дан асты. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

14:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Президент Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы Түрікменстанның саяси ұстанымы тұтас Еуразия құрлығының тұрақтылығы мен орнықты дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Аталған форумда көтерілген бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мән-маңызына жаңаша көзқарас қалыптастырады.

13:39Мемлекет басшысының қызметі

Ұлттық тауарлар каталогы – Сауда министрлігінің өкілі жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық тауарлар каталогын енгізуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға түсініктеме берді. Ведомство өкілдері жаңа жүйеге көшу барлық кәсіпкерлер үшін біртіндеп әрі түсінікті болуға тиіс екенін атап өтті. Ұлттық каталог бақылау құралы ретінде емес, бизнеске арналған қолайлы сервис ретінде әзірленіп жатыр. Вице-министр Әсет Нүсіпов ОКҚ брифингінде ҰТК-ның ықтимал басым тұстарын түсіндірді.

12:00Жаңалықтар

Ұлттық тауарлар каталогымен жұмыс істеген кәсіпкерлерге бұғатталу қаупі төнбейді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда Ұлттық тауарлар каталогын (ҰТК) енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде шамамен 15 млн тауар қамтылған база құрылған. Бұл туралы ҚР қржы вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:50Жаңалықтар

2026 жылдан бастап Қазақстанда Ұлттық тауарлар каталогы қолжетімді болады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Ұлттық тауарлар каталогын қолдану міндетті болады. Ұлттық каталог – бұл тауардың цифрлық паспорты, оның құжаттар жинағы мен толық профайлы. Мұндай цифрлық база тауардың шығарылған жерінен бастап соңғы сатылымға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бірыңғай тауар карточкаларын құру бизнес жұмысын жеңілдетіп, тауар ағындары бойынша мемлекеттік талдаудың сапасын арттырады және тұтынушылардың әр өнім туралы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

11:40Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды

10:51Жаңалықтар

Жыл басынан бері 296 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 296 мыңға жуық адам қамтылды, 821,1 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

08:56Президенттің тапсырмалары