Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 300 тонна болатын тұқы шаруашылығы іске қосылды 2 шілде 2024

Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 300 тонна болатын тұқы шаруашылығы іске қосылды

Қазақстан өңірлерінде балық шаруашылығы белсенді дамып келеді. Қызылорда облысының Арал ауданында тұқы өсіретін тоған балық шаруашылығы құрылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Каспий теңізінің деңгейі 119 см көтерілді 1 шілде 2024

Каспий теңізінің деңгейі 119 см көтерілді

Биыл Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің (Атырау облысы) деңгейі 119 см көтерілді. Сәуір-мамыр айларында Жайық өзені арқылы тасқын суының мол келуі, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жергілікті әкімдік бірлесіп салған қосымша арналар тиімді әсер етті, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Олжас Бектенов Қызылорданың энергетикалық инфрақұрылымының жылу беру маусымына дайындығын тексерді 28 маусым 2024

Олжас Бектенов Қызылорданың энергетикалық инфрақұрылымының жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Премьер-Министр Олжас Бектенов Қызылорда облысында жаңа ЖЭО құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ алдағы уақытта шыны кластері құрылатын табақ шыны өндіретін инвестициялық жобаға барып, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Олжас Бектенов «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені құрылысының қарқынын тексеріп, Байқоңырдың даму жоспарымен танысты 27 маусым 2024

Олжас Бектенов «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені құрылысының қарқынын тексеріп, Байқоңырдың даму жоспарымен танысты

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешеніне барды, сондай-ақ Байқоңыр қаласының даму жоспарымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҰҚК ШҚ аумақтық бөлімшелері «Бекіре-2024» акциясы барысында мемлекетке келтірілуі мүмкін 2,5 млрд теңгелік залалдың алдын алды 27 маусым 2024

ҰҚК ШҚ аумақтық бөлімшелері «Бекіре-2024» акциясы барысында мемлекетке келтірілуі мүмкін 2,5 млрд теңгелік залалдың алдын алды

«Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы барысында 1 сәуірден 31 мамырға дейін Атырау және Маңғыстау облыстары ҰҚК ШҚ департаменттерінің шекаралық кемелері, қайықтары және жағалау бөлімшелерімен балық аулаудың белгіленген режимдері мен ережелерін бұзған 69 шағын көлемді жүзу құралы және 166 адам ұсталды.

Заңсыз балық аулаған 694 адам жауапқа тартылды 27 маусым 2024

Заңсыз балық аулаған 694 адам жауапқа тартылды

Биыл 28 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бекіре» кең ауқымды балық қорғау акциясын Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының бекіре және басқа да балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды, құжатта табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. АШМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аян Бахиянов шараның барысы жайлы ОКҚ алаңында баяндады.

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 73 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды 26 маусым 2024

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 73 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2024 жылы Жамбыл облысы бойынша ауданы 80 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 73 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының көлік инфрақұрылымын жақсартады 26 маусым 2024

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының көлік инфрақұрылымын жақсартады

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды. Аталған жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы зор. Құрылыс нысанының халық игілігіне пайдалануға берілуі Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының көлік инфрақұрылымын жақсартады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясын жүзеге асыру аясында «Алматы Жазы» акциясы басталды 26 маусым 2024

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясын жүзеге асыру аясында «Алматы Жазы» акциясы басталды

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясын іске асыру және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын жалғастыру аясында 26 маусым мен 6 шілде аралығында субұрқақтарды, өзендер мен су айдындары жағалауларын, арық желісі, қоқыс алаңдары, ағашты санитарлық мақсатта кесу, жол инфрақұрылымын (аялдама кешендері, бағдаршам нысандары, жол көрсеткіштері мен белгілері) тазарту бойынша «Алматы Жазы» акциясы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Су тасқыны салдарын жою: Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді 26 маусым 2024

Су тасқыны салдарын жою: Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Биыл денсаулық сақтау саласында 94 нысан салынады 24 маусым 2024

Биыл денсаулық сақтау саласында 94 нысан салынады

Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында биылдың өзінде 94 нысан салынады, соның 59-ы «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде салынады, сол қатарда дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медпункт бар. Бұл ретте нысандардың 27-сі блокты-модульді құрылыс болады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Үкімет су тасқынынан кейін Қостанай облысында электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөледі 24 маусым 2024

Үкімет су тасқынынан кейін Қостанай облысында электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөледі

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.