Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қарағанды облысындағы жылу беру маусымына дайындықты тексерді 7 тамыз 2023

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қарағанды облысындағы жылу беру маусымына дайындықты тексерді

Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ақтөбе облысында байланыс пен интернеттің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар күшейтілуде 4 тамыз 2023

Ақтөбе облысында байланыс пен интернеттің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар күшейтілуде

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өңірде мобильді байланыс пен интернетті дамытудағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынға жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, еліміздегі басқа да ірі байланыс операторларының өкілдері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Қазақстанның тоғыз өңірінде 638,8 мың га астық алқабы жиналды 4 тамыз 2023

Қазақстанның тоғыз өңірінде 638,8 мың га астық алқабы жиналды

Қазақстанның алты өңірінде 638,8 мың га астық алқабы жиналды. Егін жинау науқаны Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Абай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте басталды. Елдің барлық өңірінде жаппай егін жинау тамыздың үшінші онкүндігінде басталып, қарашаға дейін жалғасады. Орташа өнімділік гектарына 14 центнерді құрап, 1079,6 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ақтөбе облысында 126 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді 4 тамыз 2023

Ақтөбе облысында 126 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысында 556 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бейімделді, оның ішінде 126-сы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ақтөбе облысының Орман шаруашылығының автопаркі 50-ден астам арнайы техникамен толықты 1 тамыз 2023

Ақтөбе облысының Орман шаруашылығының автопаркі 50-ден астам арнайы техникамен толықты

Ақтөбе облысында орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдануда. Биыл 51 бірлік жаңа техника, сондай-ақ 48 қосалқы агрегат сатып алынды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Сауда-экономикалық қатынастарды дамыту – Астанада алғашқы Қазақстан-Ауған бизнес-форумы өтеді 31 шілде 2023

Сауда-экономикалық қатынастарды дамыту – Астанада алғашқы Қазақстан-Ауған бизнес-форумы өтеді

Ауғанстан Үкіметі мен бизнес өкілдерінің делегациясы Қазақстанға келеді. 2023 жылғы 3 тамызда Астанада алғашқы Қазақстан-Ауған бизнес-форумы, ал 4-5 тамызда Ауған тауарларының көрмесі өтеді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш пен сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев осы және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, дипломатиялық және гуманитарлық қатынастардың болашағы туралы айтып берді.

Маңғыстау облысында биыл 1,9 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы саласында 7 агрожоба іске қосылады 29 шілде 2023

Маңғыстау облысында биыл 1,9 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы саласында 7 агрожоба іске қосылады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Маңғыстау облысына сапары аясында  агроөнеркәсіп кешендеріне барды. Вице-министр Ақтауда салынып жатқан көтерме-тарату орталығында болды. Құны 3,5 млрд теңге болатын жоба 29 мың тоннаға дейін көкөністер мен жемістерді сақтай алады. Кешен келесі жылы ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаржыға салынған алаң ашылды 29 шілде 2023

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаржыға салынған алаң ашылды

Ақтөбеде үлкен Workout алаңы пайдалануға берілді. Ол елімізде жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 475 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген 28 шілде 2023

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 475 әлеуметтік нысан толығымен бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде Ақмола облысында 667 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бейімделді. Оның ішінде 475 объект ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай бейімделген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Риддер қаласының жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді 27 шілде 2023

Риддер қаласының жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

ҚР Үкіметі өңірлердегі жылумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылыту маусымына дайындау және жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тіршілікке қажетті жүйелерін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ақтөбеде Қазақстанда алғаш рет оқу орнына кірудің және төлем жасаудың биометриялық жүйесі енгізілді 24 шілде 2023

Ақтөбеде Қазақстанда алғаш рет оқу орнына кірудің және төлем жасаудың биометриялық жүйесі енгізілді

Ақтөбеде ІТ мектепте пилоттық режимде балалар мен педагогтерге арналған мектепке биометрия арқылы кіру енгізілді, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Ақтөбе облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында нысандардың құрылысы бастау алды 22 шілде 2023

Ақтөбе облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында нысандардың құрылысы бастау алды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатқан мектеп құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.