Өңір жаңалықтары
М.Әйтенов: республикада Шымкент қаласы өсім динамикасы бойынша 2021 жылдан бастап алғашқы орында
Шымкент қаласына республикалық мәртебе алғанына 4 жыл толды. ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи шешімі өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қаламыздың екінші тынысы ашылып, қала тұрғындарының келешекке деген сенімі арта түсті. Бұл сөзімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен Конституцияға енген өзгерістер Референдумында қала тұрғындарының 72 пайыздан астамы қатысқаны растап отыр. Шымкент әкімі Мұрат Айтенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Қаланың республикалық мәртебе алғанына биыл 4 жыл болды.
МИБ және ЖС құру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек
1 шілде жақындаған сайын Маңғыстау облысының тұрғындары МИБ құруға ниеттерін білдіріп жатыр. Аз ғана уақыт қалғанына қарамастан бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында «Маңғыстау облысының басқарушы сервистік компаниялары мен мүлік иелері бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайырғалы Қалмұқанов өңірде ПИК-тен МИБ-ке көшу қалай жүріп жатқаны жайлы баяндады.
Еліміздің әр өңірінде МИБ төрағалары үшін оқыту орталықтарын ашу жоспарланған
Қазіргі уақытта МИБ төрағаларын, қарапайым серіктестіктердің сенімді тұлғаларын және осы саладағы басқа да мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен 4 шаруашылық айналысады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – Нұр-Сұлтан қаласы; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті - Шымкент қаласы; «INVEST» Оқу орталығы – Нұр-Сұлтан қаласы; «ТКШ-Инфо» ЖШС – Алматы қаласы. Бұл туралы Орталық комммуникациялар қызмметінде өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтып берді.
Қайта өңдеу ғана емес, сонымен қатар өз шикізатымызды дайындау. Павлодар облысының әкімі өңірдегі қант зауыты туралы айтып берді
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында брифингке қатысушылар Павлодар облысының әкімінен қант зауытының тағдыры, «Павлодар» ӘКК әзірлеп жатқан жобалық-сметалық құжаттама, бірінші жобаның неге сараптамадан өтпегені туралы сұрады. Сарапшыларға не ұнамады? Қанша қаражат жұмсалды және жобаны алу үшін қанша қаражат жұмсалады? Болашақ зауытқа коммуникация тарту қай кезеңде? Инвестор табылды ма? Зауыт белгіленген мерзімде, яғни 2024 жылы салынып біте ме? Нысан бойынша барлық сұрақтарға Әбілқайыр Сқақов жауап берді.
Павлодар облысының әкімі: мектептерде кәсіби бағдарлау енгізілді
Биыл Павлодар облысында 7 ірі спорт объектісі, 13 шағын футбол алаңы және 63 спорт алаңы салынып жатыр. Сонымен қатар балаларды білімге ынталандыру мақсатында 150-ге жуық кітапхана жаңартылады, барлық оқушылар үшін мұражайларға тегін бару ұйымдастырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов мәлім етті.
Павлодар облысында халықпен кездесулердің жаңа форматы белсенді енгізілуде
Павлодар облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен халықпен кездесулердің жаңа форматы белсенді енгізілуде. Өңір басшысы, оның орынбасарлары мен басқарма басшылары 100-ге жуық ауылды аралады. Кездесулерде 536 сұрақ қойылды, олардың 40% тез шешілді. Осындай шаралардың тиімділігі өте жоғары, себебі – кездесуге тұрғындар, аудан, облыс басшылығы, құқық қорғау және басқа органдар өкілдері бір жерге жиналып, қатысады. Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында бірлік пен бірлескен шешім қабылдау туралы айтып берді.
Адамдар ғана жұмысқа келмейді, жұмыс та адамдарға барады: Павлодар облысында 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы әзірленді
Павлодар облысында Екінші республика жағдайында өзекті жаңа бағдарлама әзірленуде. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, билік белсенділердің ұсыныстарына барынша ашық болуға тырысты.
Қосшы қаласына, Қараөткел және Қоянды кенттеріне 2024 жылы газ тартылады – Е. Маржықпаев
Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Ақмола облысының басшысы көпшілікті азалаған сұраққа жауап берді: Нұр-Сұлтан қаласының маңы қашан газдандырылады?
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 87%-ға жетеді - Е. Маржықпаев
Өткен жылы Ақмола облысына жергілікті маңызы бар автожолдар салуға, жөндеуге 232 жобаға 38 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 172-сі аяқталды. Облыстық, аудандық маңызы бар 800 км автожол және елді мекендердің көше-жол желісі жөнделді. Осы жылы 1 мың шақырымға жуық жол желісін жақсартуды жоспарланып отыр.
Ақмола облысының 130 кәсіпорны елорда нарығына өнім жеткізеді
Аумақтық - географиялық орналасуын ескерсек, Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыратын негізгі субъект болып табылады.
Ақмола облысында соңғы үш жылда алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды
Соңғы үш жылда алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақммола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.
Ақмола облысы халқының 97% сапалы сумен қамтамасыз етілген
Қазіргі уақытта сапалы сумен жабдықтау жүйесіне қол жетімділік облыс халқының 97% бар, оның ішінде: қала тұрғындары – 95%, ауылды елді мекендерде – 89,3%. Өңірдің 177 елді мекенін сумен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін ауқымды жұмыс жоспарланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақммола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.