Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
ШҚО әкімі Балалар жылы аясында дарынды оқушылар мен колледж студенттерімен кездесті 5 мамыр 2022

ШҚО әкімі Балалар жылы аясында дарынды оқушылар мен колледж студенттерімен кездесті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған балалар жылы аясында дарынды оқушылармен және колледж студенттерімен кездестім, деп жазды Шығыс-Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Алматыда алты жаңа саябақ ашылады 5 мамыр 2022

Алматыда алты жаңа саябақ ашылады

Алматыда қала шетінде алты саябақ салынады, олардың басым бөлігі Алатау ауданында (Зерделі, Боралдай, Саялы, Өжет шағын аудандары),  сондай-ақ Медеу (Алатау ш.а) және Наурызбай аудандарында (Қарғалы жағалауының бойында) ашылады. Жаңа саябақтар балалар және спорт алаңдарымен, рекреациялық аймақтармен жабдықталады. Қаланы көгалдандыру бойынша жоспарлар мен проблемалық мәселелер БАҚ-қа арналған баспасөз туры барысында айтылды.

Stop-фейк. жалған ақпарат таратқаны үшін Ақмола облысының тұрғынына 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды 3 мамыр 2022

Stop-фейк. жалған ақпарат таратқаны үшін Ақмола облысының тұрғынына 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Бас прокуратура «фейк» деп аталатын жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті. Ақмола облысында осындай істердің бірі бойынша 3,6 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаумен үкім шығарылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.

БП: қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 700 артық адам күдікті деп танылды 3 мамыр 2022

БП: қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 700 артық адам күдікті деп танылды

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл қылмыстардың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына тоқталды Жалпы ел бойынша қаңтар оқиғасы кезеңінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 721 адам күдікті деп танылды, оның ішінде 281 адам қамауда. Алматы қаласы – 82, Шығыс Қазақстан – 35, Жамбыл облысы – 44, Шымкент қаласы – 43, Қызылорда – 36, Атырау – 14, Алматы облысы – 5 және Ақтөбе облысында – 4.

«Қаңтар оқиғасы»: сотқа 288 қылмыстық іс жолданды 3 мамыр 2022

«Қаңтар оқиғасы»: сотқа 288 қылмыстық іс жолданды

Тергеудің аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолдануда. Қазіргі уақытта сотқа 288 қылмыстық іс жолданды, оның 208-і Алматы қаласында, Алматы облысы – 49, Жамбыл – 10, Шымкент қаласында – 9, Қызылорда – 5, Түркістан – 4, Ақмола – 2 және Атырау облысында – 1. Олар бойынша 275 адам сотталды, оның ішінде 22 адам бас бостандығынан айыруға, қалғандарына бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстар және айыппұл түріндегі жаза қолданылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов осындай мәліметтерді жария етті.

Түркістанға Финляндиядан инвестиция тарту мәіселесі талқыланды 30 сәуір 2022

Түркістанға Финляндиядан инвестиция тарту мәіселесі талқыланды

Түркістанға Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейманды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай қарсы алып, екіжақты байланысты нығайту жөніндегі пікір алмасты. Кездесуге елшімен бірге Финляндияның кәсіпкерлері мен атақты компанияларының еліміздегі бірнеше өкілі қатысты.

Жамбыл облысының жастарына баспанаға жеңілдетілген несие беріледі 28 сәуір 2022

Жамбыл облысының жастарына баспанаға жеңілдетілген несие беріледі

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 млн теңге төледі 28 сәуір 2022

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 млн теңге төледі

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнеске келтірілген шығынды ғана  емес, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде автомобильдері бүлінген немесе жойылған Алматы қаласының тұрғындарына да  қатысты жұмыстар  жүргізілуде.

Талдықорған индустриялық бағытта дамиды 28 сәуір 2022

Талдықорған индустриялық бағытта дамиды

Талдықорған қаласы маңындағы саяжайларда қордаланған мәселе көп. Соның ішінде ауыз су, газ, электр желісі, жол инфрақұрылымдарының болмауы, мектеп пен дәрігерлік амбулатория қажеттігі тұрғындарды жиі мазалайды. Осы және өзге де сұрақтар бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың облыс орталығы тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Жезқазғанда болып қайтты 28 сәуір 2022

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Жезқазғанда болып қайтты

Жезқазғанға жұмыс сапарымен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр келді. Ол Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге Ұлытау облысын құруға дайындық барысымен танысты.

Дәурен Абаев туризм саласының өкілдерімен Қазақстанда жаңа туристік бағыттарды құру және жайластыру мәселелерін талқылады 28 сәуір 2022

Дәурен Абаев туризм саласының өкілдерімен Қазақстанда жаңа туристік бағыттарды құру және жайластыру мәселелерін талқылады

Бүгін Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туроператорлармен, бизнесмендермен, Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы АҚ және Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында министр сала өкілдерімен Қазақстанда жаңа туристік бағыттарды құру және жайластыру мәселелерін талқылады.

Алматы облысында «Үштөбе» күн электр станциясы пайдалануға берілді 28 сәуір 2022

Алматы облысында «Үштөбе» күн электр станциясы пайдалануға берілді

2025 жылға дейін кемінде 2 400 МВт жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қуатын іске қосу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы наурызда белгіленген қуаты 4,95 МВт «Үштөбе» күн электр станциясы (КЭС) пайдалануға берілді.