Өңір жаңалықтары
Нарықты жергілікті тауар өндірушілердің тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 139 млрд теңгелік 54 жоба жүзеге асырылады – Маңғыстау облысының әкімі
Мемлекет басшысы жолдауында ең алдымен, азық-түлік тауарларының бағасын белгілеудің және оны бөліп-таратудың тиімсіз жүргізілуіне ерекше ден қойды. Маңғыстау облысында қажет тауарлардың 80% көрші елдерден импортталады. Өңір өзін-өзі 20% деңгейінде ғана қамтамасыз етіп отыр. Осыны ескере отырып, азық-түлік тауарлары бағасының себепсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қоры жасалды, оған 2,3 млрд теңге, бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс басшысы Нұрлан Ноғай хабарлады.
Маңғыстау облысында мал азығына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге бөлінді
Төрт түлік малды жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша оңғы жылдары ауа райының қолайсыздығына, жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі ауыл шаруашылығы саласында біраз қиындықтар тудырды. Осыны ескере отырып, қысқы маусымнан шығу үшін қажет жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша мамандармен келісе отырып, шаралар қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баяндады. Өңірде қысқы мал азығының қорын қалыптастыру үшін 77 мың тонна шөп пен 53 мың тонна жем қажет. Бүгінде өңірге 70 мың тонна шөп пен 41 мың тонна жем тасымалданды. Барлық ауданда жем-шөп жинау базалары жасақталды.
Нұрлан Ноғаев: Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы мәселесін шешу – біздің басты міндетіміз
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен кеңесте өңірдегі ауыз су тапшылығын шешу үшін нақты тапсырмаларды жүктеген болатын. Біз белсенді жұмысты бастадық, инвесторлармен келіссөздер жүргізудеміз. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы мәселесін шешу біздің басты міндетіміз болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Нұрлан Ноғаев хабарлады.
Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты – Маңғыстау облысының әкімі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Өңір әкімі бірінші кезекте эпидемиологиялық ахуалға тоқталып өтті. Жалпы облыс бойынша жағдай бірқалыпты, өңір жасыл аймақта. Өткен тәулікте індет жұқтырған 5 адам анықталды.
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы он ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.
2024 жылға дейін 12 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарланған – Павлодар облысының әкімі
Павлодарда биыл облыстық аурухана жанындағы инфекциялық бөлімше пайдалануға беріледі. Облыста төсек-орын қоры пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2,4 есе өсті. Біз үшін саланың басқа да бағыттары бірдей маңызды – деп сендірді Павлодар облысының басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
2025 жылдың соңына дейін Екібастұз қаласының экономикасына 737 млрд теңге инвестициялар тартылады
Қалалардың инфрақұрылымдық дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Павлодар облысы-елдегі ең урбанизацияланған тұрғындардың бірі, тұрғындардың 71% - Павлодар, Ақсу және Екібастұз тұрғындары. Бұл туралы өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді. Биыл президенттің тапсырмасымен Екібастұздың 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспары әзірленді. Ол басты 4 блоктан және 114 іс-шарадан тұрады.
Павлодар облысында ШОБ мемлекеттік бағдарламалар бойынша 60 млрд теңгенің қолдауына ие болды
Павлодар облысының шағын және орта бизнесі пандемиядан кейін сенімді түрде қалпына келуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов хабарлады. Кәсіпорындардың саны 1,5 мыңға, ал, олардың өнімдері 60 млрд теңгеге артты. Бұған ШОБ қолдау бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру өз септігін тигізді.
Өңдеу секторы машина жасау, азық-түлік өндірісі, химия өнеркәсібі және мұнай өңдеу есебінен өсіп келеді - Ә. Сқақов
Тәуелсіздік жылдары Павлодар облысында толыққанды мұнай-химия кластері қалыптасты. Бүгінде өңірге бензин өндірісінің үштен бірі, шамамен 40% – газойль, тек осы жерде ғана мұнаймен қыздырылған кокс өндіріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді. Машина жасауды дамытуды теміржол кластері қамтамасыз етеді. Ол бес өнеркәсіптік кәсіпорыннан тұрады, олар елдегі тиісті өндірістің 73% құрайды.
Павлодар облысының әкімі: 7000 жуық бала мемлекеттік тапсырыс бойынша спорт секцияларымен қамтылған
Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын насихаттау арқылы адами капиталды дамыту аса маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл бұқаралық спортқа 682 млн теңге қайта бөлінді. Жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша қазір облыста спорттың 17 түрі бойынша 315 топ, 157 секция жұмыс істейді, онда бүгінде 7 мыңға жуық бала айналысады. Бұл бастапқыда жоспарланған көрсеткіштен 3,5 есе артық. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов осындай көрсеткіштерді жария етті.
Павлодар облысында АӨК-тегі 1 теңге субсидияға 4 теңге жеке инвестиция келеді
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген бағытқа сәйкес, суармалы егіншілік қарқынды дамып келеді. Бүгінде оның аумағы 135,9 мың гектарды құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді.
Павлодар облысы Қазақстанның шикізаттық емес экспортының әрбір 8-ші долларын қамтамасыз етті
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мемлекет басшысының Жолдауы аясында өңірдің дамуы мен еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде қолжеткізілген маңызды жетістіктері жайлы айтып берді.