Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Тамыздан бастап сырқаттанушылықтың өсуі айтарлықтай төмендеді - Ақмола облысы әкімінің орынбасары 1 қазан 2021

Тамыздан бастап сырқаттанушылықтың өсуі айтарлықтай төмендеді - Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Сырқаттанушылық бойынша пессимистік болжам болған жағдайда резервте 2,5 мыңнан астам инфекциялық және реанимациялық төсек-орын бар. Барлық төсек-орындар оттегімен қамтамасыз етілген, реанимациялық орындардың жабдықталуы 100% құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысыралімова мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Ақтоғай кен байыту кешеніне барды 1 қазан 2021

Мемлекет басшысы Ақтоғай кен байыту кешеніне барды

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Қасым-Жомарт Тоқаев «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-не қарасты Ақтоғай кен байыту кешеніне барып, ондағы екінші кен байыту фабрикасын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Бұл кеніштің мыс өндіру жөнінен әлемдегі ірі кен орындарының қатарына қосылуына мүмкіндік берді.

Онлайн санақпен қамтылған халықтың үлесі бойынша Қызылорда облысы көш бастап тұр 1 қазан 2021

Онлайн санақпен қамтылған халықтың үлесі бойынша Қызылорда облысы көш бастап тұр

1 қазан сағат 11-00-дегі жағдай бойынша онлайн санақтан 6 429 018 адам немесе 33,8% азамат өтті. Респонденттердің 86% астамы смартфон арқылы санақтан өткен. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов «Халық санағы-2021» аралық қорытындысымен таныстырып өтті.

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – қала әкімінің орынбасары 1 қазан 2021

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді – қала әкімінің орынбасары

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 34 416 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастар саны – 32 682, 1294 науқас ем қабылдап жатыр. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 29 адам тіркелді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан осындай мәліметтерді келтірді. Оның айтуынша, қалада ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілген.

Қазан айында Павлодар МӨЗ жөндеу кезеңінде Атырау МӨЗ 133 мың тонна ДТ, Шымкент МӨЗ – 161 мың тонна өндіреді - ҚазМұнайГаз 29 қыркүйек 2021

Қазан айында Павлодар МӨЗ жөндеу кезеңінде Атырау МӨЗ 133 мың тонна ДТ, Шымкент МӨЗ – 161 мың тонна өндіреді - ҚазМұнайГаз

Павлодар зауытын жөндеуді кейінге қалдыру ауа райы жағдайына байланысты мүмкін емес. Онда 2018 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сұранысын ескере отырып, дизель отыны бойынша теңгерімді сақтау үшін жұмыс мерзімі жазда екі рет кейінге қалдырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің директоры Дмитрий Макеев мәлімдеді.

Қабылданған шектеу шаралары, сондай-ақ кезең-кезеңмен вакцинациялау оң нәтиже берді - БҚО әкімінің орынбасары 24 қыркүйек 2021

Қабылданған шектеу шаралары, сондай-ақ кезең-кезеңмен вакцинациялау оң нәтиже берді - БҚО әкімінің орынбасары

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі байқалады. Бұл үрдіс қыркүйек айында да сақталады деп күтілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев мәлімдеді.

Коронавируспен байланысты жағдайға қарамастан, Ақтөбе облысының тұрғындары жоспарлы медициналық көмекті уақтылы алды-аймақ әкімдігі 24 қыркүйек 2021

Коронавируспен байланысты жағдайға қарамастан, Ақтөбе облысының тұрғындары жоспарлы медициналық көмекті уақтылы алды-аймақ әкімдігі

Стационарлар базасында уақытылы медициналық көмек көрсету – маңызды мәселе. Облыста 3 603 инфекциялық төсек-орын бар, бүгінгі күні олардың 1 880-і бос емес, 202-і реанимациялық төсек-орын. Осылайша, резервте 1 723 төсек-орын бар, оның 172–і реанимациялық. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі – 35,4%, реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі-38%. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров осындай деректерді келтірді.

Шектеу шаралары облыстың «қызыл» аймақтан шығуына септігін тигізді – БҚО әкімінің орынбасары 24 қыркүйек 2021

Шектеу шаралары облыстың «қызыл» аймақтан шығуына септігін тигізді – БҚО әкімінің орынбасары

Қабылданған шектеу шаралары мен кезең-кезеңмен вакцинациялау оң нәтижелерін беріп, аурушаңдықтың төмендеуіне және өңірдің «қызыл» аймақтан шығуына әсерін тигізді. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев мәлімдеді. Жыл басынан бері өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 27 849 адам тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 4088 жағдайды құрады. Бүгінгі таңда 22 350 адам дерттен жазылып шықты.

Ақтөбе облысында барлық білім беру нысандарында санитарлық нормаларды сақтау бойынша қатаң талаптар қойылады – өңір әкімінің орынбасары 24 қыркүйек 2021

Ақтөбе облысында барлық білім беру нысандарында санитарлық нормаларды сақтау бойынша қатаң талаптар қойылады – өңір әкімінің орынбасары

Эпидемиологиялық жағдай және вакцинация бойынша мәселе қатаң бақылауға алынған қатаң басымдық болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров мәлім етті. 2021 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 137 адам тіркелді, оның ішінде 9 пневмония жағдайы анықталды.

Бәрін кадрлар шешеді. СҚО-да мал шаруашылығы әлеуетін дамыту үшін 12 колледж АӨК мамандарын дайындауда 24 қыркүйек 2021

Бәрін кадрлар шешеді. СҚО-да мал шаруашылығы әлеуетін дамыту үшін 12 колледж АӨК мамандарын дайындауда

Жаңа жобалар, аграрлық-индустриялық дамуға көшу мен жаңа технологиялар жаңа тұрпатты мамандарды қажет етеді. Өңірде кадр тапшылығы бар ма? Журналистер Орталық коммуникациялар қызметінің СҚО-дағы көшпелі брифингіне қатысушылардан осы жайлы сұрады.

Азық-түлік қауіпсіздігі және АӨК. СҚО-да сүт өндірісін кеңейту әлеуеті әзірленді 24 қыркүйек 2021

Азық-түлік қауіпсіздігі және АӨК. СҚО-да сүт өндірісін кеңейту әлеуеті әзірленді

Халықты жоғары сапалы, экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінде тарихи локомотивтердің бірі болған Солтүстік Қазақстан облысы бүгінде үлкен мүмкіндіктер мен әлеуетке, тұрақты өсу үрдісіне ие. Облыстың өсімдік шаруашылығында ғана емес, мал шаруашылығын дамытуда да болашағы зор. Бұл тұжырымның негізі неде? Оны Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов түсіндіріп өтті.

Үкімет мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуде – СҚО кәсіпкері 24 қыркүйек 2021

Үкімет мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуде – СҚО кәсіпкері

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттің қолдауымен мал шаруашылығын дамыту қолға алынды. Орталық коммуникациялар қызметі өткізген көшпелі брифингте «Дайындық» ЖШС директоры осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Біржан Шаймерденов осыдан 3-4 жыл бұрын 1200 басқа арналған үлкен кешен салып, Австриядан 600 бас мал әкелген. Бүгінде кәсіпкер күніне 11 тоннаға жуық сүт тапсырады.