Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
2026-2032 жылдары Маңғыстау облысында құны 10 трлн теңгеден асатын 55 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар 23 желтоқсан 2025

2026-2032 жылдары Маңғыстау облысында құны 10 трлн теңгеден асатын 55 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар

Маңғыстау облысының өткен 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты, негізгі макрокөрсеткіштердің оң нәтижесіне қол жеткізілді. Өңір экономикасының негізгі бағыттары – өңдеу өнеркәсібі, туризм, логистика, балық шаруашылығы. Аталған салалардың дамуына ғылыми және зерттеу институттарын тарту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Келер жылы Арқалық қаласында әуежай құрылысы аяқталады 23 желтоқсан 2025

Келер жылы Арқалық қаласында әуежай құрылысы аяқталады

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің назарында болуға тиіс екенін ерекше атап өтті. Осыған байланысты қазіргі уақытта Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын алдағы үш жылдық кезеңге әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жоспар бекітілді. Ол жалпы сомасы 165,5 млрд теңге болатын 51 іс-шарадан тұрады. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңындай осылай деп мәлімдеді.

Қостанай облысының әкімі «Астана» жаңа шағын ауданының дамуы туралы айтты 23 желтоқсан 2025

Қостанай облысының әкімі «Астана» жаңа шағын ауданының дамуы туралы айтты

2025 жылы Қостанай облысында тұрғын үй саясатын іске асыруға 40 млрд теңге бөлінді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Жалпы соңғы үш жылда өңірде 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 15 мың пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қостанай облысында түрлі салада тиімді инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр 23 желтоқсан 2025

Қостанай облысында түрлі салада тиімді инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарға тоқталды.

Қостанай облысы электр энергиясын өндіру көлемін 10 есе арттырады 23 желтоқсан 2025

Қостанай облысы электр энергиясын өндіру көлемін 10 есе арттырады

Қостанай облысында тұрақты әрі сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында жаңартылатын энергия көздері бойынша 6 жоба іске асырылуда. Сонымен қатар жаңа генерация объектілерін іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Биыл Қостанай облысында 7 млн тонна астық жиналды 23 желтоқсан 2025

Биыл Қостанай облысында 7 млн тонна астық жиналды

Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 207 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп. Соның арқасында биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 924 млрд теңгені құрады, ал, жыл қорытындысы бойынша 1 трлн теңгеден асады. 7 млн тонна астық жиналды. Бұл жайлы өңір әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында айтты.

Қостанай облысындағы кәсіпорындар өндірісте цифрлық технологиялар мен роботтарды белсенді қолданады 23 желтоқсан 2025

Қостанай облысындағы кәсіпорындар өндірісте цифрлық технологиялар мен роботтарды белсенді қолданады

Қостанай облысында биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында оң серпін бар, 8,3% өсімге қол жеткізілді. Жыл басынан бері өңірде 24,1 мың жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының 23%-ға төмендеді. Облыс машина жасау өндірісінің көлемі бойынша елде көш бастап тұр, ол республика өндірісінің 25%-дан астамын құрайды. Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Елорда әкімі Астананың ескі бөлігіндегі тозығы жеткен үйлердің тағдыры туралы айтты 22 желтоқсан 2025

Елорда әкімі Астананың ескі бөлігіндегі тозығы жеткен үйлердің тағдыры туралы айтты

Астанада реновация бағдарламасын іске асыру жалғасуда, ал келесі жылы ол негізінен Байқоңыр ауданында жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды 22 желтоқсан 2025

Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды

Елорданы дамытудағы ең маңызды бағыттардың бірі – қалалық ортаны абаттандыру және көгалдандыру. Осы мақсатта келесі бағдарламалық құжаттар әзірленді: Елорданың брендбугі, Көгалдандыру жарғысы, «Бақшалы қала», «Жаңа келбет», «Жайлы аула», «Реновация». Олар қалалық кеңістікті дамытудың барлық бағыты бойынша біртұтас тәсілдерді айқындайды. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Астанада тағы 12 мектеп ашылады 22 желтоқсан 2025

Астанада тағы 12 мектеп ашылады

Қаланың интеллектуалды көлік жүйесі белсенді дамып келеді. Бағдаршамдардың 40% автоматты режимде жұмыс істейді. 2026 жылы бұл көрсеткіш 82%-ға жетеді. 2027 жылға қарай қалада үздік әлемдік тәжірибелерге сай көлікті басқарудың толыққанды жүйесі құрылады. Presight AI компаниясымен бірлесе Smart City жобасы іске қосылды. Қауіпсіздік пен жылдам әрекет ету үшін бейне аналитикасы бар 20 мың камера орнатылуда. Қазір әрбір екінші қылмыс бейнекамералар арқылы ашылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Жолдардың жоғары жүктемесі: Астана әкімдігі жол картасын қабылдады 22 желтоқсан 2025

Жолдардың жоғары жүктемесі: Астана әкімдігі жол картасын қабылдады

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың көлік жүйесі туралы жан-жақты баяндады. Спикер жолдардың жоғары жүктемесі негізгі мәселелердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Осы мәселені шешу үшін Астана әкімдігі жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасын қабылдады.

Астанада ССС-4, газ жылу станциялары мен КТҚ-2 салынып жатыр 22 желтоқсан 2025

Астанада ССС-4, газ жылу станциялары мен КТҚ-2 салынып жатыр

Жыл басынан бері елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 118,6%-ды құрайды. Инвестициялар 2,1 трлн теңгеге жетті. Өсім 23,6%, оның ішінде 66%-ы – жеке инвестициялар. ШОБ қала экономикасының негізі болып табылады. Ол жұмыс орындарының 70%-ын қамтамасыз етеді. Биыл қалада 73 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға тең. 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін 5 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылады деген жоспар бар. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен баспаөз конференциясында хабарлады.