Өңір жаңалықтары
Қазақстанда аквамәдениетті дамытуға ерекше назар аударылады
2021 жылдан бері балық шаруашылығы саласындағы субсидия көлемі 7 есе артып, 2025 жылы 3,5 млрд теңгеге жетті. Балық өсіру шаруашылықтарының саны 4 есеге артып, 650-ге жетті. Өндірілетін өнім көлемі бойынша алдыңғы қатардағы өңірлер: Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары. 2025 жылдың 10 айында шамамен 12,2 мың тонна балық өсірілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов хабарлады.
Атырау бекіре зауытының қуаты жылына 7,5 млн шабаққа дейін ұлғаяды
Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында 2024 жылдың қазан айында аумағы 108,6 мың га болатын «Каспий итбалығы» табиғи резерваты құрылды. Қазір оның аумағын кеңейту және материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Каспий теңізіндегі сирек кездесетін бекіре тұқымдастардың қорын толықтыру үшін Жаңаталап және Еркінқала учаскелерінде орналасқан Атырау бекіре өсіру зауыты жаңғыртылуда. Бұл шара зауыттың өндірістік қуатын арттырып, шабақ өндіру көлемін жылына 5 млн-нан 7,5 млн данаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді.
Түркістан облысында кедейлік деңгейі төмендеп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе азайды
Республика бойынша көпбалалы отбасылардың төрттен бірі Түркістан облысында тұрады. Сондықтан әлеуметтік көмекке жүгінушілер саны өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары. Дегенмен, жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарды. Өңір әкімі Нұралхан Көшеровтың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім еткендей, аймақтағы кедейлік деңгейі 4,4%-ға төмендеді.
Түркістанда Оңтүстік Кореядан келген 70 студент ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатыр
Білім мен адами капиталды дамыту – экономикалық өсудің негізгі тірегі. Түркістан аймағында бұл бағыт бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр. Білім беру жүйесінде мектеп тапшылығын шешу мақсатында өңірде «Келешек мектептері» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 23 мың орындық 29 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 28 мектеп пайдалануға берілді. Қалған 1 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Жергілікті бюджеттен 17 мектеп салынуда. Биыл 4 мектеп пайдалануға беріледі, қалғаны келесі жылға өтпелі. Бұл туралы өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Түркістан өңірі жаңа инвестициялық жобалардың арқасында мемлекет бюджетіне 100 млрд теңге салық түсірмек
Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Бұл – сыртқы экономикалық байланысты дамытудың нәтижесі. Әрбір инвестор үшін арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарда дайын алаңшалар жоспарланған. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Түркістан облысында 114 мың га аумаққа су үнемдеу технологиясы енгізілді
Еліміздегі суармалы жерлердің төрттен бірі Түркістан облысына тиесілі. Олардың жалпы алаңы 554 мың гектарды құрайды. Су үнемдеу технологиясы ағын суды 2 есе үнемдеумен қатар, өнімділікті 3 есе арттыруға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін су үнемдеу технологиясы 55 мың гектарға енгізілмек. Биылдың өзінде қосымша 59 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізіліп, жалпы көлемі 114 мың гектарға жетті. Бұл туралы өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Түркістан өңірі өткен 10 айда құны 1 трлн теңгеден асатын ауыл шаруашылығы өнімін өсірді
Түркістан облысы – ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Заманауи технологияны қолдану арқылы салада терең қайта өндеуді дамыту – басты мақсат. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында салада атқарылып жатқан жұмыс жайында баяндады.
Биыл Түркістан облысының өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады
Отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында Түркістан облысының барлық аймағында «Шағын өндірістік парк» жобасы іске асырылуда. Облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаң құрылды. Аумағы – 238 га. Жоба аясында 248 ғимарат салып, 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңға 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын өндірістер ашылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Түркістан облысының индустриялық аймақтарында құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асып жатыр
Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриялық және «Turan» арнайы экономикалық аймақтары құрылған. Өндірісті дамыту мақсатында өңірге сырттан келетін тауарларға талдау жүргізілді. Жалпы импорт көлемі 98 млрд теңгені құрайды. Бұл тауарларды облыста шығаруға барлық мүмкіндік бар. Өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.
БҚО-да халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асып жатыр
Батыс Қазақстан облысында 2023 жылдан бастап тұрғын үй құрылысына 44 млрд теңге бөлініп, 319 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 3698 пәтер халық игілігіне берілді. Өңір әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, биыл өңірде 19,2 млрд теңгеге 7 көпқабатты үй мен ауылдық жерлерде тағы 14 тұрғын үй, барлығы 1292 пәтер салынып жатыр. Әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған азаматтарға жыл соңына дейін 579 пәтер сатып алынады. Жалпы, 2023-2025 жылдарда облыс бойынша 5431 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Соның ішінде 1 733 пәтер ауылдық елді мекендерде пайдалануға берілді.
БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді
БҚО-да су, кәріз және жылу жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. 2023 жылдан бері құны 550 млн теңгені құрайтын жобалар аясында Орал жерасты су көзінде 6 жаңа ұңғыма бұрғыланып, су өндіру көлемі тәулігіне 40 мың текше метрге дейін артты. Сондай-ақ 2025 жылы жалпы құны 21,6 млрд теңгеге диаметрі 1000 мм су құбыры мен Орал жерасты су көздерін реконструкциялау жұмыстары басталды. Бұл жайлы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.
БҚО-да жұмысшы мамандықтарына сұраныс тұрақты түрде артып келеді
Аймақта өнеркәсіп, көлік және құрылыс саласы, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы заманауи технологияларды меңгерген білікті кадрларды қажет етеді. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің рөлі айрықша артып отыр. Батыс Қазақстан облысының колледждерінде 15 мыңнан астам студент білім алуда. Соның ішінде 14 мыңға жуық жас дәл осы жұмысшы мамандықтарын меңгеріп келеді. Бүгінде дуальды оқыту жүйесі енгізіліп, оның аясында 3 мыңға жуық студент 33 мамандық және 52 біліктілік бойынша теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастыра отырып білім алуда. Өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында осылай деді.