Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өтетін ІІ Әлем чемпионатына қатысушылар Алматы қаласының туристік орындарын аралайды 14 қараша 2025

Жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өтетін ІІ Әлем чемпионатына қатысушылар Алматы қаласының туристік орындарын аралайды

Алматы қаласы тоғызқұмалақ спорт түрінің астанасы болып бекітілді. Жергілікті атқарушы органдар ІІ Жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатына қарқынды дайындық жүргізіп жатыр. Биыл жарыспен қоса, туризмді дамытуға да басымдық беріліп отыр. Келген делегациялар шаһардағы туристік орталықтарды аралайды деп көзделген. Бұл туралы ҚР Тоғызқұмалақ спорт федерациясының президенті Әкім Тұрсұн ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

17-23 қараша аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді 14 қараша 2025

17-23 қараша аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді

Биыл «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына бірқатар өзгеріс енгізілді. Оның ішінде ұлттық, олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері теңестіріліп, басым спорт түрлері қатарына кірді. Қазір елімізде 11 ұлттық спорт түрі дамып келе жатыр. 200 мыңнан астам азамат тоғызқұмалақпен шұғылданады. Ал, жалпы 600 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Олар барлық спортшының 9,6%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Ақмола өңіріндегі бірқатар өзен тазартылып, түбі тереңдетілді 13 қараша 2025

Ақмола өңіріндегі бірқатар өзен тазартылып, түбі тереңдетілді

Ақмола өңірінде су тасқынына қарсы қауіпсіздік басым бағыт болып саналады. Аймақта 494 көл мен 111 өзен бар. Осы жылы әкімдік су тасқынымен күресуден олардың себептерін жоюға көшті. Биыл тұрғындар мен инфрақұрылымды қорғауға бағытталған ауқымды жұмыс атқарылды Қалқұтан, Нұра, Шағалалы, Жабай өзендерін тазалау және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Облыста өзендерді тазалау және түзету бойынша атқарылған жұмыстың жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрады. 18 қауіпті, әрі маңызды гидротехникалық құрылыстарды нығайту және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұл көктемгі кезеңде 80 млн текше метр еріген суды қауіпсіз реттеуге мүмкіндік береді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

2025 жылы Ақмола облысындағы 7 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайларын жақсартты 13 қараша 2025

2025 жылы Ақмола облысындағы 7 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайларын жақсартты

Ақмола аймағында өнеркәсіп саласы тұрақты дамып келеді. Өндіріс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Облыс машина жасау саласында нық көшбасшы болып отыр: теміржол подшипниктерін өндірудің 100%-ын және арнайы автомобильдер өндірісінің 84%-ын қамтуда. Бұдан бөлек, өңірде еліміздегі астық жинайтын комбайндардың 50%-ы өндіріледі. Облыс құрамында алтын бар руданың жартысынан астамы және Қазақстандағы алтын өндірісінің төрттен бір бөлігін өндіреді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Жыл басынан бері Ақмола өңірінің экономикасына 660 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды 13 қараша 2025

Жыл басынан бері Ақмола өңірінің экономикасына 660 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Мемлекет басшысының жаңа инвестициялық циклды қайта қарап, оны іске қосу жөнінде нақты міндеті аясында Ақмола облысында айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Мәселен, биыл өңір экономикасына құйылған инвестиция көлемі 660 млрд теңгеден асты. Өткен жылмен салыстырғанда бұл сома 250 млрд теңгеге артық. Жаңа инвестициялық жобалар жайында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Биыл Ақмола облысы шетелге 3,5 млн тоннадан астам астық экспорттады 13 қараша 2025

Биыл Ақмола облысы шетелге 3,5 млн тоннадан астам астық экспорттады

Ақмола облысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Қазақстанның негізгі агроөнеркәсіптік және астықты аймағы ретінде айрықша орын алады. Егін жинау алқаптары 300 мың гектарға өсті, 5,5 млн гектарды құрады. Диқандардың жанқиярлық еңбегінің арқасында дәнді дақылдардың рекордтық өнімі жиналды – орташа өнімділік гектарынан 16,3 центнерді құрап 7,6 млн тонна астық жиналды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

Қарағанды облысында интеллектуалды бағдаршамдар мен автотұрақтар жобалары іске асырылуда 12 қараша 2025

Қарағанды облысында интеллектуалды бағдаршамдар мен автотұрақтар жобалары іске асырылуда

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірде цифрлық технологиялар қалай енгізіліп жатқанын, сондай-ақ жасанды интеллект қандай салада қолданылатынын айтты.

Қарағанды облысында 4-санатты UEFA стадионы салынады 12 қараша 2025

Қарағанды облысында 4-санатты UEFA стадионы салынады

Қарағанды облысында үш саланы – спорт, мәдениет және білім беруді біріктірген балаларға қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде 14 мыңға жуық бала ваучерлік қаржыландыру бағдарламасымен қамтылып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

Балқашта туристік индустриялық аймақ құрылады 12 қараша 2025

Балқашта туристік индустриялық аймақ құрылады

Қарағанды облысында туризм саласын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Балқаш әуежайын қайта жаңарту аяқталуда, бұл оның өткізу қабілетін сағатына 80 жолаушыға дейін арттырады және Балқаштан ұшу географиясын кеңейтеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

Қарағанды облысында 92 медициналық нысан салынды 12 қараша 2025

Қарағанды облысында 92 медициналық нысан салынды

Қарағанды облысында жұмыспен қамту шараларымен 46 мың адам қамтылды. 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. 896 отбасы 392 млн теңгеге атаулы көмек алды. Мүгедектігі бар адамдар үшін «Террикон алқабы» базасында IT-жоба іске асырылып жатыр. Биыл 50 адам оқытылуда. Бұл жайлы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қарағанды облысы жыл соңына дейін халықты ауыз сумен толық қамтамасыз етеді 12 қараша 2025

Қарағанды облысы жыл соңына дейін халықты ауыз сумен толық қамтамасыз етеді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғын үй құрылысы, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдарды жөндеу саласында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында толық ақпаратпен бөлісті.

Қарағанды өңірінде шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға ерекше назар аударылып жатыр 12 қараша 2025

Қарағанды өңірінде шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға ерекше назар аударылып жатыр

Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып бөлшек салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендетті. Бүгінде оның нақты нәтижесі бар – салық төлеушілер саны 30 есе өсіп, төрт мыңнан асты. Ал, ағымдағы жылдың басынан бері арнаулы салық режимі бойынша бюджетке түскен салық сомасы – 5,6 млрд теңге. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.