Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындықты, Түркістан облысындағы гидротехника құрылыстары мен су қоймаларының жағдайын тексерді 6 ақпан 2025

Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындықты, Түркістан облысындағы гидротехника құрылыстары мен су қоймаларының жағдайын тексерді

Өңірде қысқы-көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті инженерлік іс-шаралар өткізілді. 9 өзен арнасы, 461 шақырым арық (1203 нысан), жалпы ұзындығы 654 шақырым 165 канал және 30 шақырым су өткізу құрылыстары тазартылды. 68,2 шақырым дренаждық арналар механикалық тазартудан өтті. Осылайша, 20 ауылдық елді мекен су басу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді 5 ақпан 2025

Үкімет Ұлытау өңірінде жаңа мектеп салу үшін қайтарылған активтерден 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Су тасқынынан қорғау: өңірлердің дайындығы 3 ақпан 2025

Су тасқынынан қорғау: өңірлердің дайындығы

Өңірлерде алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оларды іске асыру барысын жергілікті жерлерде ТЖМ бөлімшелері бақылайды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар аясында іске асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды 31 қаңтар 2025

Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды

Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуге тиіс еді. Алайда, пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Астанада IX қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті 30 қаңтар 2025

Астанада IX қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

Елордада IX қысқы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Сары құрлық бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Атырау облысындағы қорымдардан елде бұрын-соңды кездеспеген бұйымдар табылды 28 қаңтар 2025

Атырау облысындағы қорымдардан елде бұрын-соңды кездеспеген бұйымдар табылды

Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылының солтүстігінен 10 шақырым жерде орналасқан «Қарабау-2» қорғанының диаметрі 70, биіктігі 3 метр. 2023-2024 ж.ж. қорғанға жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 9 қабір зерттеліп, оның жетеуінің тоналмағандығы анықталды, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.

Digital Almaty 2025 шеңберінде жүлде қоры 60 мың долларды құрайтын жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы стартаптар байқауы өтеді. 24 қаңтар 2025

Digital Almaty 2025 шеңберінде жүлде қоры 60 мың долларды құрайтын жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы стартаптар байқауы өтеді.

Digital Almaty форумының бейресми бөлігі идеялармен алмасу және инновацияларды енгізу үшін бірегей экожүйені құра отырып, оқушылар мен студенттерді, цифрлық индустрия көшбасшылары, стартаперлер мен инвесторларды біріктіреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Инновациялық технологиялар паркінің басқарушы директоры Дания Ахметова айтып берді.

Digital Almaty 2025: өндірісті трансформациялау үшін «ақылды» фабрикаларды дамыту, жаңғыртуды және автоматтандыру сынды AI-шешімдер ұсынылмақ 24 қаңтар 2025

Digital Almaty 2025: өндірісті трансформациялау үшін «ақылды» фабрикаларды дамыту, жаңғыртуды және автоматтандыру сынды AI-шешімдер ұсынылмақ

Қазақстан үшін жасанды интеллект цифрлық трансформацияны жеделдету, бизнес пен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Инновациялық технологиялар паркінің басқарушы директоры Дания Ахметова мәлімдеді.

Қазақстандық сарапшылар мен әлемдік IT-алыптардың СЕО Digital Almaty 2025 жасанды интеллект енгізу тәжірибесімен бөліседі 24 қаңтар 2025

Қазақстандық сарапшылар мен әлемдік IT-алыптардың СЕО Digital Almaty 2025 жасанды интеллект енгізу тәжірибесімен бөліседі

2024 жыл жасанды интеллект саласындағы маңызды бастамалар жылы болды. Жасанды интеллект комитеті құрылды, 2024-2029 жылдарға арналған Жасанды интеллекті дамыту тұжырымдамасы бекітілді, қазіргі уақытта заң жобасы әзірленуде. Сондай-ақ, КazLLM жеке тілдік моделі әзірленді, ол бірқатар технологиялық шешімдер үшін негіз болады. ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өзіндік тілдік моделін қолдану IT-қызметтердің ішкі нарығын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Жұмысшы мамандықтар жылы: Саранда өнеркәсіптің дамуы кадрлар даярлауға қалай әсер етеді 23 қаңтар 2025

Жұмысшы мамандықтар жылы: Саранда өнеркәсіптің дамуы кадрлар даярлауға қалай әсер етеді

Саран қаласы индустриялық аймақты дамытудың арқасында жаңа деңгейге көтерілді. Мұнда бұрын-соңды болмаған өндірістер пайда болды. Мысалы, жақын арада тоңазытқыштар шығарыла бастайды. Ыстық мырыштау зауытын ашу жоспарланып отыр. Сәйкесінше, кадрларға деген сұраныс артты, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Жамбыл облысында аудандық деңгейде балабақшаларға ваучерлер беру басталды 22 қаңтар 2025

Жамбыл облысында аудандық деңгейде балабақшаларға ваучерлер беру басталды

Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыруды енгізу процесі жаңа өңірлерді қамти отырып және мектеп жасына дейінгі балалар үшін қызметтердің қолжетімділігін жақсарту арқылы қарқын алуда. Жүйе Тараз, Шымкент, Түркістан, Астана және Орал қалаларында сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстан Арал теңізінің құрғаған ұлтанында орман отырғызу жұмыстарын жалғастыруда 20 қаңтар 2025

Қазақстан Арал теңізінің құрғаған ұлтанында орман отырғызу жұмыстарын жалғастыруда

2025 жылы Қазақстан Арал теңізінің құрғаған ұлтанында экожүйені қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаны жалғастыруда. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілуде, оның мақсаты – қоршаған орта жағдайын жақсарту және аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.