Өңір жаңалықтары
Ақтөбе облысында жол сапасын жақсарту мақсатында 193 жоба жүзеге асырылмақ
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында өңірдің инфрақұрылымын дамыту тақырыбына тоқталып өтті. Мәселен, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті. Жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді. Жалпы, өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы төселді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласы назардан тыс қалмады. 200-ден астам көше немесе 47 шақырым жол нормативтік жағдайға келтіріліп жатыр.
Ақтөбе облысындағы Арнайы экономикалық аймақта құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 40 жоба жүзеге асырылады
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе өңірінің экономикалық өсімі 106% деңгейінде қалыптасты. Орташа жалақы 364 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға өсті. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы Ескелді би ауылында биыл пайдалануға берілген мәдениет үйі мен спорт кешенінің ғимараттарын аралап көрді.
Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударылуда
Алматы өңірінде полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру мақсатында қаржыландыру көлемі жыл сайын өсіп келеді: 2022 жылы – 8,9 млрд теңге болса, биыл екі есе артып, 17,8 млрд теңгеге жетті. Материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен нығайтылуда. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңындағы брифингте хабарлағандай, ағымдағы жылы 32 бірлік қызметтік автокөлік пен арнайы құралдар сатып алынды. Өткен жылы ғана тұрғын үймен біріктірілген полицияның 12 учаскелік пункті пайдалануға берілді, тағы 31-ін 2028 жылға дейін салу жоспарлануда. Полиция органдарындағы кадр тапшылығы 600-ден 200-ге дейін қысқартылды.
Алматы облысында білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларында ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда
Алматы облысында демографиялық және көші-қон өсімімен бірге білім беру қызметтеріне сұраныс артып келеді. Мысалы, 2023-2024 оқу жылында 14,2 мың бала бітірсе, бірінші сыныптарға 37 мың оқушы қабылданды, сонымен қатар, басқа сыныптарға келген баларды есепке алғанда, олардың жалпы саны 14 мыңға артып отыр. Сондықтан үш ауысымды оқыту мәселесі өзекті мәселенің бірі. Бүгінде осындай 37 мектеп бар. Бұл мәселені шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 24,9 мың орындық 26 мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңындағы брифингте хабарлады.
Алматы облысында ШОБ және туризм салаларын дамытуға басымдық беріліп отыр
Бүгінде Алматы облысында кәсіпкерлік белсенділік қарқынды дамып келеді. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі үш мегаполистен кейін 45% көрсеткішпен, елімізде төртінші орынды иеленді. Ағымдағы жылдың 10 айында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 4,7%-ға өсіп, 143 мыңға жетті. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында осылай деді.
Алматы облысында 7 индустриялық аймақ құрылады
Алматы облысы экономикасының үштен бір бөлігінен астамын өнеркәсіп өндірісі мен агроөнеркәсіп кешені құрайды. Көлемі 1,5 трлн теңгеден астам өнеркәсіптік өндірістің шамамен 90%-ы өңдеу секторына жатады. Олардың ішінде көлемнің үштен екісі тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі өнімдерін өндіруге тиесілі. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.
Алматы облысының экспорттық географиясы кеңейді
Биыл Алматы облысы үшін басты міндет Мемлекет басшысының экономиканың 6%-дық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен 11 айдағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,1%-ды құрады, барлық негізгі салада оң динамика қамтамасыз етілді. Өңір экономикасының қарқынды дамуына мол инвестиция тарту оң әсер етті. Биыл облысқа 22,5% өсіммен 778 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу-Қолдау» қоғамдық қорының демеушілігімен салынған Үстел теннисі орталығымен танысты.
Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді.
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына барды
Ұлттық жоба шеңберінде БҚО-да 11 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны тапсырылды
Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде жоспарланған 24 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарынан 11 ауылдық нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.