Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Биыл 181 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды 12 шілде 2024

Биыл 181 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды

12 шілдеде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. ҰБТ электронды форматта 43 тестілеу орталығында өтті. Су апатынан зардап шеккен 6 өңірде, яғни Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ҰБТ 12 – шілдеге дейін ұзартылған болатын. ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі – оны тапсыруға екі мүмкіндік  беріліп, тестіленуші ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. Биыл мектеп түлектерінің саны артып, 181 мыңнан астам талапкер, ҰБТ-ны екі мүмкіндікті қоса есептегенде, 326 мың рет тапсырды. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында хабарлады.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Шығыс Қазақстан облысында жалғасуда 12 шілде 2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Шығыс Қазақстан облысында жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары сенбілікке бастама көтеріп, үнемі белсенділік танытуда. Глубокое ауданында «Таза бұлақ – Таза аумақ» ұранымен «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Акцияға қатысушылар Глубокое кентінде Киргородок шағын ауданында орналасқан жағажай аумағын абаттандырды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Абай облысында жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды 11 шілде 2024

Абай облысында жаңа психологиялық қолдау орталығы ашылды

Балаларды зорлық-зомбылық пен суицидтен қорғаудың 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі мен оларға көмек көрсету жүйесі құрылуда. Осы жоспар шеңберінде Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Президенттің білім беру саласындағы тапсырмаларының орындалуын тексерді 11 шілде 2024

Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Президенттің білім беру саласындағы тапсырмаларының орындалуын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында оқушылар мен студенттердің білім алуына жағдай жасау жұмыстарының барысымен танысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешу бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Білікті кадрлар даярлау үшін жоғары оқу орындары жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ауыл кітапханаларына 500 кітап сыйға тартылды 11 шілде 2024

Ауыл кітапханаларына 500 кітап сыйға тартылды

Мемлекет басшысы «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында Жамбыл облысындағы ауыл кітапханаларына кітап сыйлады. Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев кітапхана басшыларына Президенттің тартуын табыс етті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Үкімет басшысы Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді 11 шілде 2024

Үкімет басшысы Алматы қаласын сумен қамтамасыз ететін резервтік жүйе салу барысын тексерді

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Алматыға барды. Негізгі мақсат – Мемлекет басшысының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау және индустриялық негізді нығайту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қадағалау, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ДДҰ Еуропалық өңірдегі қоғамдық денсаулық сақтау көшбасшылары Астанада жиналды 10 шілде 2024

ДДҰ Еуропалық өңірдегі қоғамдық денсаулық сақтау көшбасшылары Астанада жиналды

Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық бюросының денсаулық сақтау ұйымындағы табысты басқару дағдылары бойынша курстары басталды. Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанды қоса алғанда, ДДҰ Еуропалық өңірінің сегіз елінен қоғамдық денсаулық сақтау мамандары қатысады. Курстар 12 шілдеге дейін жалғасады және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың көшбасшылық әлеуетін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

С. Жақыпова Алматы облысының активімен кездесті 10 шілде 2024

С. Жақыпова Алматы облысының активімен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы айтып, әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктерін көрсетті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Астанада «Aqmola Invest» инвестиция тарту орталығы ашылды 10 шілде 2024

Астанада «Aqmola Invest» инвестиция тарту орталығы ашылды

Орталықта инвесторларға жоба идеясынан бастап, оны іске асыруға дейін қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда пилоттық режимде Орталық алаңында 23 кездесу ұйымдастырылды, оның ішінде 13-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.

Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі 6 шілде 2024

Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі

Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында іс-шаралар жалғасуда 5 шілде 2024

Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында іс-шаралар жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бірқатар шара ұйымдастырылып, туған өлкенің табиғатына бей-жәй қарамайтын Атырау облысының тұрғындары сенбілікке шықты. Атырау қаласы мен Мақат, Индер, Қызылқоға, Исатай және Махамбет аудандарын қамтыған акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін арттыру, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Қостанай облысында құны 50 млрд теңге болатын астықты терең өңдеу зауыты іске қосылады 4 шілде 2024

Қостанай облысында құны 50 млрд теңге болатын астықты терең өңдеу зауыты іске қосылады

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында «Baiterek Venture Fund» АҚ, Myande Group Co., Ltd қытайлық компаниясы, KazFoodProducts агрохолдингі және Қостанай облысының әкімдігі арасындағы инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Жобаның құны 50 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.