Негізгі мазмұнға өту

Өңір жаңалықтары

ӨКҚ байланыс деректері
Ирикли су қоймасына құйылатын ағын көлемі төмендеді 7 сәуір 2024

Ирикли су қоймасына құйылатын ағын көлемі төмендеді

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы су тасқыны бойынша 7 – сәуір сағат 00.00-ге дейінгі жедел жағдай: 581 тұрғын үй мен олардың аула аумағы су астында қалды. Одан бөлек, 245 аула аумағы су астында қалды, 427 саяжай үйі су астында қалды; автожолдардың 70 учаскесінде су тасқыны болды; жол төсемінің 60 шайылуы болды; 10 елді мекен көліктік қатынассыз қалып отыр.

Құлсарыда су деңгейі төмендейді - ТЖД 7 сәуір 2024

Құлсарыда су деңгейі төмендейді - ТЖД

Атырау облысының Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге баса назар аударылды. Жеке құрамның 5686 адамы, 206 бірлік техника, сондай-ақ әкімдік, құқық қорғау блогының қызметкерлері жұмылдырылды. ОКҚ-да жедел ақпаратты Атырау облысы ТЖД бастығының м.а. Руслан Шариев айтты.

Қостанай облысында 4 мың адам құтқарылды 7 сәуір 2024

Қостанай облысында 4 мың адам құтқарылды

Қостанай облысында 25 – наурыздан бастап тілсіз жаумен арпалысу әлі күнге дейін жалғасуда. Өңірдің оңтүстік төңірегінде ең жоғары қауіп Арқалық, Амангелді, Жангелді аудандарында болды. Қазір Қостанай қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланған. Себебі, Тобыл өзені көтерілді. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Су тасқыны салдарынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі арнайы комиссия Ақтөбе тұрғындарынан өтінімдер қабылдай бастады 6 сәуір 2024

Су тасқыны салдарынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі арнайы комиссия Ақтөбе тұрғындарынан өтінімдер қабылдай бастады

2024 жылғы 6 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Халықты эвакуациялау пункттері, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорлары. СҚО-да бірінші вице-премьердің басшылығымен су тасқынына қарсы іс-қимыл жоспары анықталды 6 сәуір 2024

Халықты эвакуациялау пункттері, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорлары. СҚО-да бірінші вице-премьердің басшылығымен су тасқынына қарсы іс-қимыл жоспары анықталды

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынына қарсы күресті тиімді үйлестіру үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына барды. Ол өңірдегі су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, оған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тобыл өзенінде мұз кептелісінің алдын алу үшін екі рет жарылыс жұмыстары жүргізілді 6 сәуір 2024

Тобыл өзенінде мұз кептелісінің алдын алу үшін екі рет жарылыс жұмыстары жүргізілді

Бүгінгі таңда Қостанай облысының оңтүстігіндегі су тасқыны жағдайы тұрақталды. Күштер басқа аймақтарға бағытталды. Қаратомар су қоймасын толтыру қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта қуаттылығы 3,3 мың м3/с Қостанай қаласына қарай су ағызу жүзеге асырылуда, мұндай деректерді ОКҚ брифингінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты.

Барлық күш пен құрал алдын алу және су тасқыны салдарын жоюға бағытталды - ҚР ТЖМ 6 сәуір 2024

Барлық күш пен құрал алдын алу және су тасқыны салдарын жоюға бағытталды - ҚР ТЖМ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары үшін мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және автомобиль техникасы, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары броньдалып, берілді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Кахарман Оразалин мәлімдеді.

Әскерилер су тасқыны бар аймақтарда бөгеттерді нығайтып, эвакуация жүргізіп жатыр 6 сәуір 2024

Әскерилер су тасқыны бар аймақтарда бөгеттерді нығайтып, эвакуация жүргізіп жатыр

Қарағанды облысында 31775 әскери бөлімінің 96 әскери қызметшісі Кертінді және Нұра елді мекендерінде құм салынған қаптарды дайындап, елді мекендер бойындағы өзен арнасын күшейту жұмыстарын жүргізді. 44803 ә/б құтқару тобы Көбетей елді мекенінде су кәрізін тазартты. 55524 ә/б әскери қызметшілері Нұра ауылында жолдардың қауіпті учаскелерін бақылауды жүзеге асырып, осы әскери бөлімнің басқа бөлімшесі Егіндібұлақта тасыған суды сорғызумен айналысуда. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин ОКҚ алаңында хабарлады.

Су қоймалардағы казіргі су ағыны 1980 – жылдан бастап ең ірі болып табылады – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 сәуір 2024

Су қоймалардағы казіргі су ағыны 1980 – жылдан бастап ең ірі болып табылады – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Еліміздің су қоймаларындағы казіргі су ағыны 1980 – жылдан бастап ең ірі болып табылады. Қазір Ақмола облысындағы 2 ірі су қоймасы орта есеппен 99%-ға толды. 2 нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Ақтөбе облысындағы 2 ірі су қоймасының су жинау көрсеткіші орта есеппен 95%- ды құрайды. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде, су ағынының азаюы байқалады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Атырау облысында су тасқынына байланысты аxуал әлі де күрделі 6 сәуір 2024

Атырау облысында су тасқынына байланысты аxуал әлі де күрделі

Атырау облысында су тасқынына байланысты аxуал әлі де күрделі болып саналады. Қазіргі таңда суға кетіп жатқан елдімекен - Құлсары қаласы Кешеден бері мұнда төтенше жағдай жарияланған соң, 15 мыңға жуық құлсарылықтар өздерінің тұрып жатқан аймақтарынан басқа аймақтарға барған. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бейсенбиев ОКҚ алаңында хабарлады.

Су тасқыны жөніндегі штаб: вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен Атырау қаласын су тасқынынан қорғаудың шұғыл жоспары талқыланды 6 сәуір 2024

Су тасқыны жөніндегі штаб: вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен Атырау қаласын су тасқынынан қорғаудың шұғыл жоспары талқыланды

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысында жұмыс сапарымен жүр. Ол облыс әкімімен бірге Құлсары қаласынан Ақтөбе облысымен шекараға дейінгі аумақты тікұшақпен айналып өтті. Кейін ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Су тасқыны жөніндегі штаб: Қанат Бозымбаев Атырау облысында ТЖ жою жөніндегі жұмысты үйлестіреді 6 сәуір 2024

Су тасқыны жөніндегі штаб: Қанат Бозымбаев Атырау облысында ТЖ жою жөніндегі жұмысты үйлестіреді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев қазір – Атырау облысында. Өңірдегі дайындық режимі – жоғары деңгейде, ТЖ жою жөніндегі облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды primeminister.kz.